Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

10 Наурыз, 2023
ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
2
БӨЛІСУ
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Былтырғы дүрбелеңді қаңтар оқиғасынан кейін қоғамдық өмірдегі түйіткілді мәселердің шешу жолдарын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеулерінде, үкімет отырыстарында сөйлеген сөздерінде алдағы жүргізілетін реформаларда қаралатынын және олардың ел өмірінде алатын маңызы туралы кеңінен қозғаған болатын. Қазақстан азаматтарының құқығын заң аясында сақтай отырып олардың ертеңгі күнгі болашағына жарқын жол ашатын, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге ықпал ететін бірнеше бағыттарды атап өткен еді.

Қазақ жерінің о шеті мен бұ шеті ұланғайыр дала десек те, оны біз бос жатқан жер деп бөтен ешкімге бере алмаймыз, бермейміз де. Өйткені, қасиетті осы жерді бабаларымыз кейінгі ұрпағы біздер үшін деп жанын сала қорғады. Үздіксіз шапқыншылық, үлкен империялардың қысымы, елімізге қарсы жүргізілген зобалаң, нәубет кезінде тұрғылықты қазақтардың санының азаюына әкелсе де рухымызды түсіре алған жоқ. Ол жылдар тарихымызға ауыр жара салуымен есте қалды. Осы мәселелердің бәрін ой елегінен өткізе келе жаңа қоғамдық-экономикалық өзгерістердің қолға алынып, жүзеге асырылып жатқанын байқаймыз.
Қоғам өзгерістерге толы. Сайлау өткізу жүйесі реформаланып, Президент сайлауы өтті. Келесі Президенттің өкілеттілік мерзімі бір мерзіммен шектелді. Тағы да басқа өзгерістер белгілі бір жүйемен жүргізіліп жатыр. Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістердің маңызы зор. Кезінде экономикамыздың әлсіреп, қаржылық жағдайдың төмендеуіне байланысты аудандар, облыстар біріктірілген-ді. Мұның қиындығын облыс орталығынан алыс шеткергі аудандардың халқы тартты. Қарым-қатынастың ауырлығы, аудан аралығымен облыс орталықтарының тым шалғайлығы, автожолдардың тозығы жетіп, байланыс желілерінің жоғалуы, тағы да басқа кедергілердің шешімін таппауы халықтың заңды наразылығын туғызды. Қоғамдағы туындаған пікірді ескере келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» деген халыққа Үндеуінде осы мәселенің түйінін шешіп берді. Әлеуметтік-экономиканы дамытудың тиімді жолдары жаңа облыстар құру, сол арқылы халыққа жеңілдік беретін көптеген сауалдардың жауабын берді. Құрылған жаңа облыстар мен облыс орталықтары жаңаша экономикалық даму жолына түсетіні есепке алынды. Жаңа құрылған облыстар бюджеттен өздеріне бөлінген қаржының нақты салалар бойынша игерілуін қадағалау жолы жүзеге асады. Жергілікті пайдалы қазбаларды, шикізатты өндіру, өңдеу орындарын іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашып жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді. Халықтың барып-келуін жеңілдету мақсатында, аралық жол салу, оны жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізу т.б. дұрыс жолға қойылады. Осы арқылы тұрғылықты халыққа қатысты жұмыстар тез әрі өз уақытында және сапалы шешіледі. Ойластыра жүргізілген жұмыстардың барлығы жақсы жолға қойылып, осыған тиісті қызметкерлер жауапкершілікпен қараған жағдайда, осы аймақтардағы елдің патриоттық рухы көтеріліп, ол өз барысында демографияның өсуіне ықпал етері сөзсіз. Қазіргі күндері әділетті ел болуымызға қажетті жаңа реформалар біртіндеп жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, жастарға сеніммен қарап отырған мемлекет басшысының бағдарламалары мемлекетіміздің гүлденуіне себепші болады деген сеніммен қарасақ болады. Оның бір көрінісі жастардың жас шамасын 14-35 аралығы деп өзгерткені. Бұл – жастарымыздың әлі де көптеген бағдарламаларға қатысып, өз мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашу дегенді білдіреді. Алдағы уақытта бәсекеге қабілетті, мықты мемлекетті көреміз.

Молот СОЛТАНАЕВ,
«Жаркент айнасы»
газетінің Бас редакторы.

Алдыңғы мақала

Қазақ төрелерінің тамғасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Саяси реформаларды жүзеге асыру кепілі – сайлау жүйесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.