Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

20 Шілде, 2026
Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи құжаттарды сақтау, қалпына келтіру және цифрлық форматқа көшіру жұмыстары да қарқын алды. Ал биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде архив Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіне қатысты құнды құжаттарды жинақтайтын, сақтайтын және ғылыми айналымға енгізетін еліміздегі іргелі мекемеге айналды.

Бүгінде Ұлттық архив қорында 404 950 сақтау бірлігі жинақталған. Сондай-ақ 16 миллион кадрдан тұратын сақтандыру қоры жасақталған. Архив 278 ұйыммен тұрақты байланыс орнатқан.

Қорды толықтырумен қатар, архивтің цифрлық әлеуеті де артып келеді. Цифрланған құжаттардың үлесі 3 пайыздан 26 пайызға дейін көбейіп, электрондық форматқа 110 миллионнан астам бет көшірілді. Архивте ірі форматтағы құжаттарды цифрлауға арналған зертхана жұмыс істейді. Сонымен бірге миллиондаған материалдың арасынан қажетті мәліметті санаулы секунд ішінде табуға мүмкіндік беретін интеллектуалды іздеу жүйесі енгізілген.

Мекемеде Қазақстандағы алғашқы автономды және интернет желісіне қосылмаған электрондық оқу залы да ашылған. Бұл зерттеушілердің цифрлық құжаттармен қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, архив қорындағы деректердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Тарихи мұраны сақтауға да айрықша көңіл бөлінеді. Архив ғимаратында 19 арнайы архив қоймасы, климаттық бақылау және газбен өрт сөндіру жүйелері, цифрландыру мен реставрация зертханалары жұмыс істейді. Кейінгі үш жылдың өзінде мамандар 1 447 тарихи құжатты қалпына келтірді.

Ұлттық архив ғылыми-әдістемелік орталық қызметін де атқарады. Мұнда Мемлекеттік қор каталогы жүргізіліп, архив ісіне қатысты нормативтік құжаттар әзірленеді, ғылыми кеңестер ұйымдастырылады. Мемлекеттік тарих институтымен бірлесіп «Ғылыми зертхана» жобасы жүзеге асырылып келеді. Кейінгі үш жылда республика көлемінде 20-ға жуық ғылыми-тәжірибелік семинар өткен. Ұлттық архив жанындағы Біліктілікті арттыру орталығы мыңнан астам маманға сертификат табыстады.

Жас ұрпақтың тарихқа қызығушылығын арттыру бағыты да назардан тыс қалған емес. «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күндері тұрақты өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде жобаға қатысатын жастардың саны 500-ден 2 мың адамға дейін артты. Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Қазақстан тарихы» кабинеті ашылды.

Қоғамдық маңызы бар цифрлық жобалар да кезең-кезеңімен дамып келеді. Өткен жылдан бері Ұлттық архив «Мәңгілік жадымызда – Вечная память» порталын жүргізеді. Бүгінде онда 705 мыңнан астам майдангер туралы мәлімет жинақталған.

Жыл сайын архив 200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырып, жинақтар, фотоальбомдар мен әдістемелік басылымдар шығарады. Сонымен қатар халықаралық байланыс та нығайып келеді. Ұлттық архив ICA EURASICA халықаралық ұйымының мүшесі ретінде Ресей, Өзбекстан, Түркия, Эстония, Франция, Сауд Арабиясы және өзге де елдердің архив мекемелерімен әріптестік байланыс орнатқан.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында жалпы сыйымдылығы 714 мың тонна болатын 486 астық қоймасы бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В рамках «Таза Қазақстан» в области Жетісу проведена экологическая акция «ECORace»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.