Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

23 Сәуір, 2026
Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде
3
БӨЛІСУ
32
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде челлендждер, буккроссинг акциясы, композиция кештері, конференция, саяхат сабағы, кездесулер, кітап көрмелері мен жәрмеңкелер және басқаларын атап өтуге болады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Ұлттық кітап күні Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдан бері аталып өтілуде. Облыста жалпы саны 150 кітапхана болса, кітап күніне арналған іс-шаралар солардың барлығында белсенді өткізіліп жатыр. Біз тек басқосулармен шектелмей, қазіргі заманғы жаңа форматтарды да кеңінен қолданамыз. Бұл ретте әсіресе жастардың қызығушылығы үлкен екені байқалады, оған біз қуанамыз. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту арқылы оларды мәдени-рухани, ағартушылық-танымдық тұрғыда дамытуға, ой көкжиегін кеңейтуге ықпал етуге болады, — деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Мәселен, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана «Кітап және пікір алаңы» атты талқылау кешін, «Өлке авторлары – әлем тілінде» атты әдеби подкаст, «Кім тапқыр?» зияткерлік ойынын ұйымдастырса, Көксу аудандық кітапханасында «Бүгінгі тренд – кітап оқу» кітап көрмесі, «Тапқыр болсаң, тауып көр» викториналық ойыны, «Жаңа кітаптар» дефилесі, «Ғасырлар тартысы: кітап пен смартфон» атты сахналық көрініс ұсынылды.

Мұнда қазақ және шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлер, кітапқа қатысты басқа да сауалдар қойылып, өзара пікір алмасылды. Жаңа кітаптар мен сирек кездесетін кітаптардың даналары таныстырылып, көрсеілді, кітап пен заманауи гаджеттердің артықшылығы мен кемшілігі талқыланды.

Аталған іс-шараларға жергілікті мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары, қаламгерлер, жалпы кітапсүйер қауым қатысты.

— «Кітап және пікір алаңы» кеші өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Кітапқа байланысты сөздердің орындары ауыстырылып жазылған әріптерден дұрыс сөз құрастырып жарыстық, жасырған сан түрлі кейіпкерлерді таптық, өз ойымызды еркін жеткізіп, кітапқа қатысты түрлі көзқарастармен таныстық. Мен Сейфуллин атындағы кітапханаға тұрақты келемін. Осындай қызықты кештерден кейін кітап оқуға деген қызығушылығымыз арта түсті, — дейді жас оқырман, Талдықорған қаласындағы № 15 мектептің 7-сынып оқушысы Аяжан Сәбитқызы.

Осы шараларға белсенді қатысып жүрген «Мизам» жылжымалы әдеби мектептің өкілдері де пікір білдірді.

— Біз құрған «Мизам» мектебі кітап оқытудың түрлі әдістерін барынша қамтып, осындай іс-шаралардың басы-қасынан үнемі табылады. «Мизам» мектебі – жай ғана әдеби орта емес, ол – кітап арқылы тұлға қалыптастыратын рухани алаң. Біздің мақсатымыз — оқуды міндет емес, өмір салтына айналдыру. Кітап оқу – тек мәтінді түсіну ғана емес, кейіпкермен бірге ой кешу, автордың әлеміне ену, өз болмысыңды тану. Осындай тәсілдің арқасында оқушылардың сөздік қоры байып, ойлау қабілеті тереңдеп, рухани көкжиегі кеңейеді, — дейді «Мизам» әдеби жылжымалы мектебінің дәріскері, ақын Мұхтар Күмісбек.

Ұлттық кітап күнінің маңызын арттыру, сол арқылы қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынған мұндай іс-шаралар барлық аудан-қалаларды қамтыды.

Алдыңғы мақала

«Халықаралық су ұйымын құру – уақыт талабы.»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ілгерілету аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.