Панфилов ауданындағы №327 дауыс беру учаскесінде комиссия мүшелері дауыс беруге келген тұрғындарды ұлттық киіммен қарсы алып, ерекше атмосфера қалыптастыруда. Ұлттық нақыштағы киім киген учаске қызметкерлері азаматтарды жылы жүзбен қарсы алып, референдум күніне мерекелік реңк беріп отыр.
Бұл бастама тұрғындардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеуге де бағытталған. Дауыс беруге келген азаматтар мұндай көріністі жылы қабылдап, естелік суреттерге түсіп, ерекше әсермен бөлісуде.
Айта кету керек, тек №327 учаскеде ғана емес, Панфилов ауданындағы бірқатар басқа да дауыс беру учаскелерінде комиссия мүшелері ұлттық киім киіп қызмет атқаруда. Бұл өз кезегінде референдум күнінің маңызын айқындап, шараға ұлттық сипат беріп отыр.
Осылайша, аудан тұрғындары өз конституциялық құқығын орындап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ерекше атмосфераның куәсі болуда.










