Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Ұлттық спорт күні: Жетісуда балалар роботтың көмегімен асық ойнады

20 Наурыз, 2026
Ұлттық спорт күні: Жетісуда балалар роботтың көмегімен асық ойнады
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында Ұлттық спорт күнінде 70-ке жуық түрлі жарыстар өткізілуде. Бұл ретте атап өтерлігі, асық ойыны жаңа технологиямен үйлестірілді. Осы күні ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дәстүрлі мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған бұл атаулы күнде жарыстар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды,  — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, Талдықорған қаласының орталық атшабарында ұлттық спорт түрлерінен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жарыстар алдымен аударыспақтан басталды. Спортшылар 52 келіден 100 кг дейінгі бірнеше салмақ дәрежесі бойынша шеберлік байқасты. Теңге ілу жарысы «Жеті құт» стилінде, жамбы ату спорты «Корей стилі» бойынша өтті. Мұнан кейін көкпар додасына облыс аудандарынан 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстардың барлық түрлері бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал жалпыкомандалық есепте 1-орынды Кербұлақ ауданы, 2-орынды Панфилов ауданы, 3-орынды Ескелді ауданы иеленді.

Жарысқа қатысушылардың бірі Әли Әлімқадыр пікірін білдірді:

— Ұлттық спорт жарыстарына қатысуға Кербұлақ ауданынан арнайы келдім. Соның ішінде теңге ілу жарысында бақ сынадым. Өзім осы жарыс түрімен айналыса бастағаныма екі жыл болды. Ат үстінде жүргеннен кейін бізге көкпар, теңге ілу сияқты спорт түрлерінің бәрі қызық. Бұл ойындар, жігіттің мінезін шыңдайды, намысын қайрайды, ат үстіндегі шеберлігін қалыптастырады, — деді жас спортшы.

Сол сияқты осы күні асық ойынын роботтың көмегімен ойнаған балалардың бірі Нұрислам Рахымбек былай дейді:

—  Біз сыныптастарымызбен бірге осы асық ойнайтын роботты құрастырдық. Бүгін оның көмегімен асық ойнадым. Бұл робот сенсорлар мен камераларының көмегімен асықтың тұрған орнын анықтап, дәл есептеп, қажетті күшпен атады. Бұл бізге ұлттық ойындарымызды жаңа заманға сай технологиямен ұштастырып, балаларға қызықты етіп ұсынуға мүмкіндік береді, — деді талдықорғандық оқушы.

Осы күні Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округіндегі «Абай» этноорталығында және Өтенай ауылында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір көтеру және басқа да дәстүрлі ойындар бойынша бәсекелер өтті.

Жалпы, бұл іс-шаралардың барлығы көпшіліктің ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруге бағытталды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Қанат Өмірәлинов

Алдыңғы мақала

Наука, образование и Конституция: три опоры нового курса Казахстана

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.