Сенбі, 14 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ұлыбританиядағы отандастарымыз дауыс беріп жатыр

6 Қазан, 2024
Ұлыбританиядағы отандастарымыз дауыс беріп жатыр
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі жанында орналасқан сайлау учаскесінде референдум енді басталды. Өйткені Лондон Астана уақытынан 4 сағат артта, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

№ 376 сайлау учаскесі Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан. Учаскеде Қазақстанның және Ұлыбританияның тулары, ортасында дауыс беру жәшігі тұр. Сайлау комиссиясының мүшелері ережелердің толық сақталуын қамтамасыз етіп отыр.

Референдум
Фото: Ғалымжан Қараманұлы /Kazinform

Жалпы бірқатар отандасымыз дауыс беруге ниетті екендіктерін айтып, учаскеге алдын ала тіркелген. Басым көпшілігі студенттер қауымы және олардың белсенділігі өте жоғары. Бірінші болып келген дауыс берушіге елшілік тарапынан сыйлық берілді.

«Мен бірінші курс студентімін. Вестминстер университетінде IT мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бүгін өмірімде бірінші рет және Лондонда бірінші болып дауыс беруге келдім. Конституциялық құқығымды жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе», — деді Әлішер Қараман.

Дауыс берушілердің қатарында тек Ұлыбритания қазақтары ғана емес, Рединг, Манчестер, Абердин, Глазго қалаларында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз, осында саяхаттап жүрген туристер де көп.

Әдетте дауыс берушілердің саны таңертеңгі уақытқа қарағанда түске таман артады. Өйткені Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен жиналған қазақстандықтар Лондонға сол кезде жетеді.

Елшілік дауыс беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полициямен ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр.

Таңертең 7-де ашылған дауыс беру учаскесі кешкі 8-ге дейін жалғасады. Одан кейін сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санау процесіне кіріседі. Учаске жабылғаннан кейін 1-2 сағаттың көлемінде Лондондағы референдум нәтижелері белгілі болады. Саяси маңызы бар науқанның алдын ала нәтижелері ертең халыққа жария етілмек.

Ғалымжан Қараманұлы
kaz.inform.kz
Алдыңғы мақала

Дауыс беретін азаматтар үшін 45 инватакси қызмет етті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әрбір адамның дауысы маңызды — опера әншісі Майра Мұхамедқызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.