Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Мархабат Жайымбетов: Әр Жолдау – стратегиялық бағдар

9 Қыркүйек, 2025
Мархабат Жайымбетов: Әр Жолдау – стратегиялық бағдар
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, бұл құжат елдің болашақ дамуын айқындайтын тарихи бағдар болып отыр.

Оның пікірінше, Президент ұсынған бастамалар жай ғана тапсырмалар тізімі емес, қоғамды жаңғыртудың кешенді жоспары. Жолдау ұлттық идеяның айқын көрінісіне айналып, Қазақстанды жаңа технологиялар мен жасанды интеллектке сүйенген өркениеттік жаңа жолға бағыттайды.

Жаңа стратегиялық құжатта жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер ел дамуының өзегіне айналатыны атап өтілді. Осыған орай Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және Цифрлық кодексті қабылдау ұсынылды. Кодекс үлкен деректерді, платформа экономикасын, жаңа технологияларды реттеп, инновациялық шешімдерге жол ашады. Мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай қайта құрылып, ашықтық пен тиімділік жаңа деңгейге көтеріледі.

Экономиканы әртараптандыруға ерекше басымдық берілді. Жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға қолдау көрсетіледі. Инвестиция тарту саясаты қайта қаралып, өңірлердің тартымдылығы арнайы индекс арқылы бағаланбақ. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, мұнай-газ және металлургия саласында терең өңдеу жобаларын іске асыру міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар кеңінен енгізілмек. Жерді тиімді пайдалану үшін спутниктік мониторинг пен жасанды интеллект қолданылады. Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасы әзірленіп, процестер ашық әрі әділ жүргізілетін болады.

Қазақстанның географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін көлік-логистика саласы жаңаша дамиды. «Солтүстік – Оңтүстік», «Шығыс – Батыс» және Транскаспий дәліздері елімізді Еуразия құрлығындағы басты транзиттік орталыққа айналдырады. Бұл бастама Қазақстанның халықаралық саудадағы орнын күшейтеді.

Туризм саласында да жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Әсіресе Алматы облысындағы тау туризмі мен шаңғы курорттары Қазақстанның халықаралық брендіне айналуы тиіс. Аймақтардың жауапкершілігі артып, туристік инфрақұрылым сапасына ерекше көңіл бөлінеді.

Саяси жаңғыру бағыты да назардан тыс қалмады. Президент бір палаталы Парламент құру мәселесін ұлттық талқыға ұсынып, бұл бастаманың 2027 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы шешілетінін айтты.

Әр Жолдау – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар. Жасанды интеллект, цифрландыру және инновациялар тек экономикалық өсімнің емес, ұлттың жаңа болмысының өзегіне айналмақ. Әділдікке, білім мен еңбекке сүйенген қуатты мемлекет құру – Жаңа Қазақстанның басты мақсаты.

Бүгін қабылданған шешімдер – ертеңгі ұрпақтың тағдырын айқындайтын тарихи таңдау. Қазақстан жаһандық бәсекеде өз орнын нығайтып, әрбір азаматқа жаңа мүмкіндік беретін мемлекет болуға бағыт алды.

Алдыңғы мақала

Қуат Байғожаев: Alatau City технологиялық прогресс пен жайлы өмірді үйлестіретін қала атанбақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әсел Әбен: Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың тұрақтылығын арттыратын басты фактор

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.