Метан (CH₄) – түссіз, иіссіз, жанғыш газ. Ол көмірсутектердің ең қарапайым түрі және табиғи газдың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Метанмен (кеніштік, батпақ газы) улану жағдайлары салыстырмалы түрде сирек кездеседі.
Метан келесі жағдайларда түзіледі:
- органикалық заттардың ыдырауы кезінде (батпақтарда, қоқыс орындарында);
- шахталарда;
- кәріз жүйелерінде;
- мұнай-газ кен орындарында.
Метан улы емес, бірақ ол ауаны ығыстырып, оттегінің жетіспеуіне әкелуі мүмкін және 4,4-17% концентрацияда жарылғыш болып табылады.
Улану түрлері
Метанмен улану гипоксиялық типке жатады (оттегінің жетіспеуінен болады).
Жеңіл дәрежесі: бас айналу, әлсіздік, тыныстың жиілеуі, ұйқышылдық.
Орташа дәрежесі: қатты бас ауруы, жүрек айну, жүрек қағысының жиілеуі.
Ауыр дәрежесі: есінен тану, құрысулар, тыныстың тоқтауы, ұзақ әсер еткен жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қорғану шаралары
Тұрмыста: газ жабдықтарын жүйелі түрде тексеру, газдың шығуын анықтайтын датчиктер орнату, бөлмені жақсы желдету, желдеткіш саңылауларын жаппау.
Өндірісте: газ анализаторларын пайдалану, мәжбүрлі желдету жүйесін қолдану, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, қауіпсіздік техникасын сақтау.
Газдың шығуы күдікті болса: жарықты және электр құралдарын қоспау, газды жабу, терезелерді ашу, бөлмеден шығу, авариялық қызметті шақыру.
Метанмен улану кезіндегі алғашқы көмек
Метан оттегінің жетіспеушілігін (гипоксия) тудырады, сондықтан жедел әрекет ету адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Зардап шегушіні дереу таза ауаға шығарып, жедел жәрдем шақыру қажет.
Маңызды: қорғаныс құралдарынсыз қауіпті аймаққа кіруге болмайды.
Қысатын киімдерін шешіп, науқасты тыныш қалыпта жатқызу керек. Тынысын және тамыр соғысын тексеру қажет.
- Егер тыныс алуы бар болса – қырынан жатқызу (тұрақты бүйір қалпы).
- Егер тыныс алуы болмаса – өкпені жасанды желдетуді бастау керек.
Жеңіл улану жағдайында да міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.Ауыр гипоксия кезінде мүмкін болатын асқынулар: ми зақымдануы, өкпенің ісінуі, жүрек қызметінің бұзылуы.
Алдын алу шаралары
- Газ жабдықтарына тұрақты техникалық қызмет көрсету;
- Бөлмелерді үнемі желдету;
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- Жұмыс аймағындағы газ концентрациясын бақылау;
- Газды сақтау және тасымалдау нормаларын сақтау
Cамат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.










