Сенбі, 14 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумда бақылаушылық жасайды

11 Қыркүйек, 2024
Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумда бақылаушылық жасайды
3
БӨЛІСУ
42
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

6 қазан елімізде АЭС құрылысы жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Тоқаев пәрмен беріп, Қазақстан қоғамы үшін аса маңызға ие осы электоралды процесс өтетін болып бекітілді.

АЭС құрылысына қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Оны жақтаушылар да, оған қарсылар да бар және тараптар өз пікірлерін қоғам талқысына ашық салуда. Десе де, «АЭС құрылысы туралы шешімді референдум арқылы, халық пікірімен санаса отырып қабылдаймыз», — деген саяси билік маңызды саяси науқанды бастап кетті.

Кез келген саяси науқанның тағы бір ажырамас бөлігі – тәуелсіз бақылаушылар екені анық. Тәуелсіз бақылаушысыз өткен сайлауды заңды, әділетті әрі шынайы деп айтуға болмайды.

Референдумға байланысты ел бойынша бақылаушылық жасайтын ұйымдар мен бастамашыл топтардың саны артуда. Бақылаушылық жасаймыз деп бастама көтергендердің бірі саясаттанушы Нұрболат Нышанбай болды.

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Бақылау қырандары» атты тәуелсіз бақылаушылар тобын жасақтайтынын хабарлады.

«Саясаттанушы ретінде маған еліміздегі, қоғамдағы әр процесс қызықты, әрі маңызды. Азаматтардың саяси белсенділігі, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы, сайлауға халықтың қаншалықты белсенді қатысуы әрқашанда мен үшін маңызды.

Жеке тәжірибемде, әлемнің біршама елінде болдым, оқыдым, тәжірибе алмастым. Ұққаным, дамыған кез-келген біртұтас қоғам үшін сайлау, референдум мемлекеттік деңгейде маңызды шара. Еуропада оқыдым, мұхиттың арғы шетіндегі Аустралияда білім алдым. Тек білім алмай, жергілікті халықтың тұрмыс салты мен әлеуметтік белсенділігін қатар меңгердім», — деген саясаттанушы Еуропа елдеріннің электоралды процесстерінен көрген-түйгендері мен Қазақстандағы саяси науқандарды салыстыра отырып, алда болатын референдумда тәуелсіз бақылаушылар тобын жасақтайтынын айтады.

«Енді үш аптадан кейін елімізде референдум өтеді. Бұл референдумның маңызы да, мәні де өзгеше. Себебі осыған дейінгі референдумдар президент мерзімін ұзарту,  конституцияға қатысты болса, бұл жолы АЭС  салына ма, жоқ па деген сұраққа халық таңдау жасайды. Саясаттанушы болған соң бұндай процесстерден қалыс қала алмаймыз», — дейді саясаттанушы.

Референдум күні ресми бекітілгенен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Алматы, Астана секілді Қазақстан саясатының маңызды драйверлерінде саяси науқандарды (сайлау, референдум) бақылайтын ұйымдар қазір белсенділігін арттыруда.

«Саясаттанушы ретінде биылғы саяси науқанда бақылаушыларды дайындап, референдумның өту барысын қадағалап, байқап көрсек деген идеяны ұсынамын. Мақсат – референдумды демократиялық институт ретінде отандық моделін қалыптастыруда үлес қосу. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болмақ. Басты міндетіміз референдумның өту барысын бақылау. Қазір бұл қоғамдық бақылауды қалай іске асыра аламыз деп күні-түні ойланып, құрылымы мен стратегиясын қалыптастырудамыз», — дейді Ол.

Алдыңғы мақала

Тұйық ядролық отын циклі деген не?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.