Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Науқан аяқталып келеді

20 Мамыр, 2026
Науқан аяқталып келеді
3
БӨЛІСУ
42
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Биылғы жылы жазиралы Жаркент өңірінің диқан қауымы аудандағы жалпы егістік көлемін 43 661 гектардан асыруды жоспарлапты. Оның ішінде жетекші дақыл жүгерінің егістік көлемін 23 мың гектардан асырмақшы. Қазір жүгері тұқымын егу жұмыстары ауданда қарқын алған. Бүгінгі күнге дейін 16 мың гектардан астам алқапқа «дала аруының» дәні егілді.

Жүгерішілер биыл күзде суарылған жердегі ылғалдың молдығын, күн шуағының әдеттегіден қуатты қызуын пайдаланып, сәуір айының алғашқы аптасынан бастап жер жыртып, тұқым себуді бастап кеткен болатын. Оған дейін топырақ жылуын көп талғамайтын жаздық бидай, арпа, көп және бір жылдық шөп, картоп, бақша, майлы дақылдар егу жұмыстары қолға алынып, жоспарланған іс тиянақты тындырылды.

– Көктемгі егін егу науқаны алдын-ала жоспарлағанымыздай ретімен атқарылуда, – дейді аудандық Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Тоқтарғали Шабеков. – Бүгінгі күнге дейін жаздық дәнді дақылдардан 300 гектарға жуық алқапқа бидай мен арпа, 156,3 гектарға майлы дақылдар, 720 гектар картоп, 554 гектарға көкөністер, 139 гектар жерге бақша және жаңадан 16439,6 гектар көп жылдық шөп егіліп, бұл бағыттағы жұмысымыз толық аяқталды. Жүгері тұқымын егуді мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз ба деп отырмыз. Науқанға жалпы 70 дән себетін, 92 тырма, 102 соқа, 82 қопсытқыш техникалар және 700-ден астам шынжыр табанды, доңғалақты тракторлар қатыстырылуда.

– Биылғы науқанға қажетті 628,7 тонна «дала аруының» сұрыпты, буданды тұқымдары қажет. Соның 500 тоннаға жуығы «Балтабай» тұқым дайындайтын ЖШС-нен алынып, алдын-ала әзірленген. Қожалықтардың мемлекеттік агро порталына берген өтінімдеріне сәйкес көктемгі дала жұмыстарына 53 ЖШҚ-на 125,5 тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жөніндегі сұранысы мақұлданды. Қазір арзандатылған жанармайдың бәрі дерлік тиесілі қожалықтардың қолына тиді. Жалпы 1800 тонна жанармай жұмсалады, – дейді аудандағы ауыл шаруашылық мамандары.

Егіннен мол өнім жинау үшін өңір қожалықтарына 15 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқаштар қажет. Бұл мәселені шешуді өткен жылдан бері арнайы шұғылданатын кәсіпорын құрылып, олар Ақтау мен Тараз қаласындағы тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындармен байланыс орнатып, биыл ауданға 11890 тоннадан астам тыңайтқыш жеткізіп, таратылды. Оның 5840 тоннасы аммафос, 8760 тоннасы селитра.

Жалпы көктемгі егін егу жұмыстарына қажетті барлық шаралар талап деңгейінде атқарылуда. Соның нәтижесінде науқан тоқтаусыз жүргізілуде. Тек таудағы көктем күнінің әдеттегіден салқын болуы салдарынан егін егілетін жерлерді суару жұмыстары біршама қиындықтар туындатуда. Шаруалар күн райы жылыған сайын өзен сулары молығар деген үмітте.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Алдыңғы мақала

Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Водосберегающие технологии на полях внедряют каратальские свекловоды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.