Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Құндылықтарды ұлықтаған

11 Шілде, 2025
Құндылықтарды ұлықтаған
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ұлттық мәдениеттің ең байырғы салаларының бірі – қолөнер. Оның ішінде – ши тоқу. Бүгінде осы өнерді жалғастырып, оның жандануына үлес қосып жүргендердің бірі – Сарқан қаласының тұрғыны Назигүл Батырхан.

Ата-анасы Қытайда тұрғанда қолөнермен айналысқан. Назигүлдің өзі де сурет салуға бейім. Әкесі Батырхан Рамазан тері илеп, одан жүген, ноқта, айыл жасаса, шешесі Рымхан Ілияс оюлы сырмақ, киізден текемет, құрақ ойған. Анасы ши тоқығанда қасына отырып қолғабыс тигізіп жүретін. Әкесінің жолын екінші ағасы қуып, қолөнермен айналысуда. Кейіпкеріміз 5 қыз, 3 ұл өмірге әкелген көпбалалы отбасынан шыққан. Өзі де қазір 5 баланың анасы. Осыдан 3 жыл бұрын аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы қайтарымсыз 1 миллион 380 мың теңгеге тігін машинасын алып, тапсырыс бойынша қыз жасауы, қазақы көйлек, тақия сияқты ұлттық бұйымдарды тіккен. Әсіресе балабақшалардан бөстекке көбірек тапсырыс беріледі. Алдағы жоспары «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысып, 5 миллион теңгенің грантын ұтып, оған станок алып, жүн жуып, түрлі бұйымды көбейтіп, қолөнерді одан әрі өркендету.

– Ши тоқу, оған боялған түрлі түсті жүн орап, өрнектеп безендіру – ғасырлар бойы жалғасып келетін ұлттық өнер. Көпшілік шиді қамыспен шатыстырып жатады. Ши тек күз мезгілінде піседі. Алдымен піскен шиді жинап, кептіреміз, кейін тазартамыз. Мәселен, шым шиді тоқу үшін ұнаған бейненің немесе өрнектің сызбасын жасап, содан соң оған сәйкес жүнді бояймыз. Шағын бұйымдарға бір күн, ал үлкендеріне екі күн кетеді. Осы өнерді дәріптеу, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз деп білемін, – дейді Сарқан аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Назигүл Батырхан.

Жақсылық ИГІМАН,
Сарқан ауданы

Алдыңғы мақала

Кумисбек Буашев — человек труда из Сарканского района

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.