Нитраттар – бұл азот қышқылының тұздары. Олар өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қажет. Сондай-ақ, нитраттар топыраққа жақсы өнім алуүшін қолданылатын тыңайтқыштармен бірге түседі.
Нитраттардың аз мөлшері адамдар үшін қауіптіемес. Алайда, олардың тағамдағы мөлшері тымжоғары болса, бұл денсаулыққа кері әсер етуімүмкін.
Көбінесе нитраттар көкөністер мен көкшөптерде жиналады. Олардың ең көп мөлшеріжапырақты көкөністер мен кейбір тамыркөкөністерінде болуы мүмкін. Нитраттарды бойына көп жинайтын көкөністерге шпинат, аскөк, ақжелкен, қызылша, шалғам, қырыққабат және қияр жатады. Бұл жағдайда нитраттардың деңгейі өсужағдайларына, қолданылатын тыңайтқыштардыңмөлшеріне, маусымға және өнімді сақтаужағдайларына байланысты.
Ағзаға енгеннен кейін нитраттардың бір бөлігінитритке айналады. Олар қанның оттегін тасымалдауқабілетін нашарлатады. Нитраттардың көпмөшерінінің әсерінен әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, іштің ауыруы, тез шаршау белгілері болады. Нитраттардың әсеріне әсіресе кішкентай балалар, жүкті әйелдер және қарт адамдар сезімтал болады.
Көкөністердегі нитраттардың мөлшерін қарапайым тәсілдермен азайтуға болады көкөністер мен көкшөптерді мұқият жуыңыз, көкөністерді қабығынан тазартыңыз, қырыққабаттың сабағын және қызылшаның жоғарғы бөлігін алыңыз, көкөністерді 20-30 минут бойы таза суға салып қойыңыз, өнімдерді термиялық өңдеуден өткізіңіз.
Нитрат мөлшері жоғары тағамдарды сатып алу қаупін азайту және сапалы көкөністер мен жемістерді сатып алу үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
Нитраттардың құрамын сыртқы түрі бойыншадәл анықтау мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн. Үйде нитраттарды анықтаудың әмбебап әдісі жоқ. Зертханалық зерттеулер ең сенімді нәтижелер береді.
Азық-түлікті таңдау мен дайындаудыңқарапайым ережелерін сақтау қауіпті азайтуға жәнетамақтануды қауіпсіз етуге көмектеседі.
Дұрыс тамақтану, рационның әртүрлі болуы жәнесапалы көкөністер мен жемістерді жеу денсаулықтысақтаудың маңызды шарттары болып табылады.
Асхат Чарапиев,
Жетісу облысы СЭБД басшысы










