Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қоғамдық кеңестің атқарар ісі ауқымды​

22 Қазан, 2022
Қоғамдық кеңестің атқарар ісі ауқымды​
3
БӨЛІСУ
36
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ашықтық пен әділдік – қазіргі күннің ​ ең басты талабы. Осы бағытта мемлекеттік органдар жұмысының жүйелі, нәтижелі болуы үшін қоғамдық кеңестердің маңызын арттыруға баса мән беріліп жатыр. ​Ал Мемлекет пен халық арасындағы ​байланыс көпір болып қазіргі таңда біздің ​өңірде де қоғамдық кеңес өз жұмысын жалғастырып келеді. 

2015 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдан бастап республика бойынша мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру мақсатында түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер құрыла бастады. ​Ал барлық өңірді қамтыған қоғамдық кеңестер 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Бұрын ел арасындағы түрлі түйіткілді мәселелер мен дау-дамайларды аузы дуалы ақсақалдар бір ауыз сөзбен шешсе, қазір сол ақсақалдармен қатар қоғамдық кеңес мүшелері де өз септігін тигізіп отыр десек артық айтпағандық болар. Көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі орасан зор.

Қазіргі таңда біздің қоғамдық кеңесте бюджет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылықты сақтау мәселелері бойынша комиссия құрамы құрылып, төрағасы болып Жақыпбай Ақшалов және аграрлық сала, орта, шағын бизнесті қолдау, жер қатынастары, ветеринария, табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комиссия құрылып, төрайымы Ризван Сакиева және әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, этнос және дін аралық қатынастар мәселелері бойынша комиссиясының төрағасы болып Мұратбек Әжібеков сайланды.

2022 жылдың наурыз айында тағайындалған қоғамдық кеңестің төрағасы мен комиссия мүшелері халықтың мәселелерін шешуде және мүддесін қорғауда айтарлықтай жұмыс атқаруда. Осы жылы жаңадан құрылған комиссия мүшелерімен бүгінгі күнге дейін бірнеше отырыстар өткізілді.

Қоғамдық кеңестің жылдық жоспарына байланысты, жоспарланған мекемелерден атқарылып жатқан жұмыстары және халыққа көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтері туралы анықтама алынып, комиссия мүшелері өз бағыттары бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп, мекемеде атқарылып жатқан жұмыстың кем-кетігін түзеп, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға жолдайды.

Атап айтар болсақ, осы жылдың мамыр айында Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі 2022 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы ұсынылған шешім жобасы қоғамдық кеңес отырысында талқыланып, ескертулерсіз жобаны ұсынылған редакцияда қабылдау ұсынылды.

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының аудан халқына қызмет көрсету бойынша есебі, Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және біздің ауданның саяси-әлеуметтік жағдайы туралы», Үшарал ауылдық округі және Сарыбел ауылдық округі әкімдерінің «Бюджеттік бағдарламалардың және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы, мемлекеттік қызметкерлердің сапасы туралы есептері тыңдалып, талқыланды.

Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмысының нәтижесінде халықтың билікке деген сенімі арта түсті. Ал қоғамның үні мен оның ішіндегі халық өкілдерінің тиімді ұсыныстары билікке жетуде. Екі тарапқа да тиімді жол. Қоғамдық кеңес дегеніміз қоғамның сенімі, билік пен халық арасындағы байланыстырушы диалогтық алаңы мен көпірі болып өз жұмыстарын жалғастыруда

Азат ЖАҚЫБАЙ,

Аудандық қоғамдық

кеңестің төрағасы.

Алдыңғы мақала

Жаркентте жүк тасымалы екі есеге артты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәһір деген қазақ салтында болған ба?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.