Сейсенбі, 9 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

22 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды.

Жиын барысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева баяндама жасады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың шақырым көшелері бар.

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды.

Жиын барысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева баяндама жасады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың шақырым көшелері бар

Мақсат Қалиақпаров автожолдардың сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 2025 жылы 13 мың шақырым жол қамтылмақ. Оның ішінде республикалық 2 мың шақырымнан астам жол реконструкцияланып, облыс орталықтары арасындағы 6,6 мың шақырым жол жөнделмек, ал жергілікті жерлерде 4,1 мың шақырым жол жаңартуға жатады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйін 94%-ға, жергілікті жолдардың нормативтік жай-күйін 91%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Заңнамалық деңгейде бірқатар түзету қабылданды. Соның негізінде сапа орталығының ескертулерін жоймай нысандарды пайдалануға қабылдауға тыйым салынды, ал 2023 жылдан бастап барлық орташа жөндеу жобалары жобалық шешімдердің және олардың құнының дұрыс қолданылуына қатысты ведомстволық сараптамадан өтуге міндетті.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2025 жылдың 7 айындағы қорытынды бойынша сапасыз жол-құрылыс материалдары мен ақаулар санының 2%-ға төмендегені, жергілікті жолдарды қиыршық тастан асфальтбетон төсеміне ауыстыру 14%-ға өскені байқалды. Сонымен қатар жобалық шешімдерді оңтайландыру 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді, ал жергілікті жолдарды диагностикамен қамту 50%-ға жетті.

Жол-құрылыс үдерісіне қатысушылар жауапкершілігін арттыру мақсатында жұмыстың барлық кезеңінде сараптаманы автоматтандырудың цифрлық жүйелері мен тетіктері енгізілді, 384 асфальтбетон зауытына кешенді тексеру жүргізілді, сондай-ақ «ҚазЖолҒЗИ» АҚ институтымен «кілтті тапсырғанға дейінгі» келісімшарттар жасалып және жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу енгізілді.

«ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева жол саласына цифрлық технологияларды енгізу туралы хабардар етті. Соңғы 5 жылда институт автожолдарды салу және жөндеу технологияларын жетілдіруге бағытталған 20-дан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бүгінде елімізде бірнеше цифрлық жобалар жүзеге асырылуда. Жобалау сапасын арттыру мақсатында жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы мен нақты климаттық жағдайларға және қозғалыс қарқындылығына материалдарды дәл таңдау есебінен берік және сенімді жол төсемдерін пайдалануға бағытталған Superpave технологиясы енгізілді.

Жалпы саны 2 мыңнан астам пайдаланушысы бар Jolshy жол саласы мамандарының базасы талдамалық ақпарат алуға, кадрлық өзгерістерді бақылауға және жол-құрылыс жұмыстарын орындаудың сапасын қамтамасыз ету үшін мамандардың біліктілік деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «ҚазЖолҒЗИ» апаттардың себептерін жүйелі бағалауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ЖКО талдау порталын әзірлеуде.

Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі жолдар желісін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. 2030 жылға дейін 4 мың шақырымға жуық автожол қайта жаңғыртылады. Биыл бірқатар негізгі жобаны аяқтау жоспарлануда, бұл ретте жобалық құжаттаманың дайындығы жоғары жаңа жобаларды: «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор жолдары мен Сарыағаш, Петропавл, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өту жолдарын, сондай-ақ 2,5 мың шақырым автожолды орташа жөндеу маңызды.

Көлік, Қаржы министрліктеріне  және ҚазАвтоЖолға мердігерлерді қаржыландыру мен айқындауды қамтамасыз ету, ал Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктеріне «кілтті тапсырғанға дейінгі» ірі жобаларды жедел жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптама мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының қатар өту тетігін әзірлеу және бекіту тапсырылды.

Олжас Бектенов шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударды. Жетісу, Алматы облыстарын қоса алғанда, Ұлттық сапа орталығы тарапынан ескертулерге қарамастан нысандарды қабылдау тәжірибесі жалғасып жатқан өңірлер аталды.

Мердігерлердің кепілдіктерін қадағалау және сапасыз материалдарды пайдалану мәселелері атап өтілді. Мысал ретінде, Павлодар тас жолының бетон төсемі көтеріліп жатқаны аталды, Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген сынамалардың 43%-ы сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Елді мекендердегі тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты ең көп сын Атырау және Түркістан облыстарында тіркелген. Премьер-министр кепілдік мерзімін ұлғайтуды және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін мердігерлік ұйымдар жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.

Жергілікті жолдар желісін дамытуға қаражат жұмсаудың тиімділігі мен қаржыландыру мәселесіне назар аударылды. Премьер-министр едәуір көлемде бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, кейбір өңірлерде оны игеру баяу жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, Абай облысында – 42%, Ақтөбеде – 52%, Ақмолада – 56% игерілген.

«Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды ескере отырып, Көлік министрлігіне және Ұлттық сапа орталығына 1 қазанға дейін барлық автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырамын. Оның қорытындысында анықталған кінәлілерді жазалау бойынша есеп пен ұсыныстар енгізілсін. Көлік және Қаржы министрліктеріне Ұлттық сапа орталығының қызметін күшейту бойынша шешімдер дайындауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Алдыңғы мақала

Ауыл шаруашылығы санағына онлайн 390 мың респондент қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үш жылда 287 хаттама: Жетісуда ұсталған тауарлармен жұмыс күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.