Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

2 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты
2
БӨЛІСУ
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. Ұйымның іргетасын қалаушылардың бірі ретінде біз әуел бастан түркі интеграциясын ұзақмерзімді, прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан бағдарланған үдеріс ретінде қарастырып келеміз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі $12,9 млрд-қа жетті. Біз бірлестігіміздің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейту және оны Түркі инвестициялық қорымен тығыз үйлестіру қажеттігі атап өтілді. Бұл ТМҰ экономикалық институттарының анағұрлым тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Өзара сауда көлемін ұлғайту және бизнес үшін цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында Қазақстан Бішкекте өткен ТМҰ-ның XI саммитінде қол қойылған Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді (DEPA) ратификациялауды тездетіп аяқтауға ниетті. Өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттерінің өңірлік метрологиялық ұйымын (TURKMET) құру және оны толық іске қосу жұмыстарын аяқтауды жеделдету ұсынылды.

Қазіргі уақытта Түркістанда бизнеске қолдау көрсетудің нақты қадамы ретінде «Тұран» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Қазақстан осы аймақта оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер серіктестерінің қатысуымен жаңа бірлескен өндірістерді құруға және технологиялық кластерлерді дамытуға дайын екенін растады.

Көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Орта дәліздің мәртебесін нығайту мақсатында биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасында үкіметаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Олжас Бектенов Зангезур дәлізінің ашылуын ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығы Орта дәлізді дамытуға қосымша серпін бере алады. Осыған орай, бұл бастаманы тезірек жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын шұғыл түрде құруды ұсынылды.

Олжас Бектенов озық экологиялық шешімдер мен трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымды нығайту аса қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия тиімділігі жөніндегі озық тәжірибелер кеңесін құруды және Орталық Азияда су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеу жұмыстарын аяқтауда.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру жөнінде бастама көтеруде.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта Әзербайжанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы төрағалығына және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігеріне қолдау көрсетілетіні расталды.

Алдыңғы мақала

Казахстан занимает 6 место среди стран с наибольшей площадью сельскохозяйственных угодий

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.