Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

23 Маусым, 2026
Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өтті.

Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-министрі Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді.

«Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

«Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын», — деп атап өтті Ли Цян.

Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $48 млрд-тан асты, ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі – $2,8 млрд.

Агроөнеркәсіп кешендегі екіжақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, $1,9 млрд-тан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.

Далянь қаласында Премьер-министр «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған сессияға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан шамамен 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Соңғы 7 жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға $35 млрд-тан астам қаржы жұмсалды, Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, «Достық – Мойынты» теміржолының екінші жолдары секілді ірі жобалар жүзеге асырылды.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасын одан әрі дамытудың бес басым бағытына назар аударылды. Олар: инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайту, цифрлық орта дәлізді қалыптастыру, «жасыл» күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ сауданы, инвестицияларды және қаржы тетіктерін кеңейту.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетті. Бүгінде Қазақстан мен Қытай осының жарқын мысалы болып отыр. Жібек жолы әрдайым ашықтық, сенім және күш-жігер біріктіруге дайын болудың арқасында өркендеп келеді. Қазақстан осы қағидаттарға берік. Біз өзімізді Қытайдың сенімді серіктесі әрі өңірлерді байланыстыратын маңызды көпір ретінде көреміз. Сонымен қатар осы көзқарасты бөлісетін барлық серіктеспен өзара тиімді әрі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз. Түптеп келгенде, өзара байланыс инфрақұрылым ғана емес, бұл – адамдардың әл-ауқаты мен ортақ прогресс», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Сессия жұмысына сондай-ақ бірқатар елдің үкімет басшылары, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі ілгерілету перспективалары, оның қатысушы елдердің экономикалық дамуына әсері, сауда бағыттары мен жеткізу тізбектерін қайта құру, цифрлық инфрақұрылым мәселелері және бастаманың 2040 жылға дейінгі келешегі талқыланды.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриалды парк құрылады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.