Бүгін мен өз таңдауымды жасап, еліміздің дамуына өз үлесімді қостым. Дауыс беру – тек құқық емес, сонымен бірге әр азаматтың елдің тағдырына деген жауапкершілігін көрсететін нақты іс.
Әр дауыс есепке алынады, әр таңдау мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қоғамымыздың ілгерілеуіне тікелей әсер етеді. Біз бүгін жасаған қадамымызбен болашаққа бағдар беріп, елдің келешегіне үлес қосамыз.
Азаматтық белсенділік – мемлекет үшін маңызды ресурс. Халықтың әрбір қатысуы қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің даму жолын айқындайды. Сондықтан дауыс беру – бұл тек міндет емес, сонымен бірге ортақ болашаққа бағытталған жауапкершілік.
Бейсенғали Айдана Бейсенғалиқызы










