Бүгін, 23 тамыз күні сағат 07:00-де Панфилов ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.
Панфилов ауданы бойынша 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп, жалпы 85 916 сайлаушы өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, азаматтық таңдауын жасауға мүмкіндік алды.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастыру жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Учаскелерде сайлаушыларды қабылдау жұмыстары ұйымдастырылып, азаматтарға дауыс беру тәртібі бойынша қажетті ақпараттар берілуде.
Таңғы уақыттан бастап тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда. Сайлаушылардың белсенділігі – азаматтардың ел өміріне деген жауапкершілігін және қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақталуы қамтамасыз етілуде.
Бүгінгі сайлау – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси шара. Осыған орай Панфилов ауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырамыз.










