Панфилов ауданындағы сайлау учаскелерінде бүгін ерекше мерекелік атмосфера қалыптасып отыр. Әр учаскеде әуезді әндер шырқалып, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
Дауыс беруге келген тұрғындар жылы атмосферада өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетуде. Сайлау учаскелеріндегі жағымды көңіл күй маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде өтіп жатқанын аңғартады.
Тұрғындар үшін ұйымдастырылған музыкалық сүйемелдеу мен мерекелік безендіру дауыс беру барысын одан әрі әсерлі етіп, сайлаушыларға жақсы көңіл күй сыйлауда.










