Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Патриоттық акциялар мен туристік бағыт жорықтары: Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде

4 Маусым, 2026
Патриоттық акциялар мен туристік бағыт жорықтары: Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде
2
БӨЛІСУ
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай таулы туристік бағыт бойынша жаппай сауықтыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен салауатты өмір салтын ұстанатын, табиғат аясында белсенді демалысты қолдайтын жергілікті тұрғындар қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ бұқаралық спорт пен белсенді өмір салтын дамыту. Қатысушылар табиғат аясында жаяу жорық жасап, өңірдің көрікті жерлерімен танысты.

Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралар аясында өткізілді.

Акция «I Love Tekeli» бақылау алаңынан басталды. Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мұнан соң өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі «Аютабан» бағыты бойынша жолға шықты. Көркем табиғат көріністері мен таудың таза ауасынан ерекше әсер алған белсенді демалыс әуесқойлары теңіз деңгейінен 1332 метр биіктікке көтерілді. Көпшілік үшін бұл шара тек спорттық сынақ қана емес, уақытты пайдалы өткізуге, пікірлес жандармен танысуға және туған өлкенің жаңа көрікті жерлерін ашуға мүмкіндік берді.

Арнайы олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Қазақстан Республикасының бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және Азия чемпионы Дидар Өтелбаев былай дейді:

— Спорт адамдарды біріктіреді, ерік-жігерін шыңдап, мінездің беріктігін қалыптастырады, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Бүгінгі жорық Текелі тұрғындарының осындай іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Әсіресе бұл акцияның Мемлекеттік рәміздер күні аясында өтуінің маңызы үлкен, өйткені мемлекеттік рәміздер бізді жаңа жетістіктер мен жеңістерге жігерлендіреді, — деді Дидар Өтелбаев.

Сондай-ақ «Делай добро! Текелі» еріктілер қозғалысының жетекшісі Халида Құсанова жастардың мұндай бастамаларға қатысуының оң ықпалы зор екенін айтады.

— Мұндай іс-шаралар қоғамдық белсенділікті дамытуға және еріктілердің патриоттық тәрбиеге үлесін қосуына мүмкіндік береді. Әртүрлі жастағы адамдардың ортақ мақсат жолында бірігіп, бір-біріне қолдау көрсетіп жатқанын көріп қуандық, — деді Халида Құсанова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара патриоттық рухты нығайтуға, ішкі туризмді дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Атап өтсек, ертең Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жетісу облысында «35 ауыл – 35 Ту тұғыры» атты бірыңғай патриоттық жоба бастау алады. Жоба аясында бір мезетте 35 ту тұғырының салтанатты ашылуы жоспарланып отыр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотосуреттерді Текелі қаласының әкімдігі ұсынды, 

сол сияқты облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды

Алдыңғы мақала

Патриотические акции и походы по туристическим маршрутам: в Жетісу встречают День государственных символов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Пресечены десятки наркопреступлений и ликвидированы подпольные лаборатории в Жетісу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.