Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Президент бастамаларын жүзеге асыру: ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті

7 Қазан, 2025
Президент бастамаларын жүзеге асыру: ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

TALIS зерттеуі білім беру ортасын, педагогтердің еңбек жағдайларын, кәсіби даму мүмкіндіктерін, оқыту тәжірибесін және кәсіби ұстанымдарын бағалайды. Зерттеуге Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог және 369 мектеп директоры қатысты.

Оқу-ағарту министрлігі бұл мұғалімдердің оқу ортасын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған кең ауқымдағы жалғыз халықаралық зерттеу екенін атап өтті. 2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтерді әкімшілік жұмыстарға тарту азайып, олар сабақ беруге және ата-аналармен, қамқоршылармен байланысқа көбірек уақыт бөле бастаған. Сондай-ақ мамандығына және еңбек жағдайына қанағаттану деңгейі едәуір артқан.

Одан бөлек, зерттеу нәтижелері педагогтердің еңбек жағдайында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетеді. Өткен оқу жылында қазақстандық педагогтердің орташа апталық жүктемесі 36 сағатты құрады. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 50 сағат болған. Мұндай қысқарту – ЭЫДҰ елдерінің ішінде ерекше жағдай. Сонымен қатар Қазақстандағы педагогтердің орташа жасы 41 жасқа дейін төмендеді, бұл ЭЫДҰ-дегі орташа көрсеткіштен 4 жасқа төмен.

Маңызды нәтижелердің тағы бірі — педагогтердің еңбек жағдайларына және жалақысына қанағаттанушылық деңгейінің көтерілуі. Сауалнама деректері бойынша, педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80%-ы мамандықты қайта таңдаса, қайтадан мұғалім болуды қалайтынын айтқан.

@KZgovernment

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Казахстане снизилось количество тяжких и особо тяжких преступлений против детей

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.