Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Президент сайлауы саяси реформалардың заңды жалғасы

22 Қазан, 2022
Президент сайлауы саяси реформалардың заңды жалғасы
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қараша жақындаған сайын сайлау науқаны қыза түскендей… Саяси науқан тартыссыз өтпейді. Көкірек көзі ояу азаматтар бұл сайлаудың баяғы сайлаулардан өзгеше екенін сезіп отыр. Бұл сайлаудың басты жаңалығы Тоқаевты қоғамдық ұйымдар мен саяси күштердің өз кандидаты ретінде тануында болып тұр.

Әңгіменің ашығын айтсақ, бұл сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа фаворитті көріп тұрған жоқпыз. Иә, қазіргі президентті қолдамайтындар да бар. Олардан «жақсы, президент болуға лайықты қандай азаматтарды атар едіңіз?» деп сұрақ қойсаңыз көпшілігі нақты сұраққа жауап бере алмай тұтығып қалады.

Бұдан 30 жылда халықтың билікке деген сенімін мүлде жоғалтқанын байқауға болады. Демек, алдағы уақытта Тоқаев халықтың сенімін қайтару үшін барын салып жұмыс істеуі керек. Өтірікпен өрілген өмір халықты әбден қажытты.

Бәйгеге бәс тіккенде жұрттың қара үзіп, оза шауып шығатын тұлпарға бәс тігетіні белгілі. Түрлі қоғамдық ұйымдардың маңайына топтасқан адамдар да бекер жүрген азаматтар емес қой. Әрқайсының ойы, айтар әңгімесі бар. Олар Тоқаевтың осыған дейін қолға алған реформалары еліміздің саяси-экономикалық жағдайына қалай әсер ететінін көріп, біліп отыр. Сол себепті олар Тоқаевтың төңірегіне топтасуда.

Иә, қазір бірқатар саяси ұйымдар ұйқыдан оянып, жыбырлап жатыр. Бірақ олар қоғамға Тоқаев сынды кешенді бағдарламасын ұсынған жоқ. Қазір өзін тәуелсіз саясаткер санайтын бірқатар тұлғалар «сайлауға дайындалып үлгермедік» деп баяғы әңгімесін қайталап жатыр. Бұл енді баяғыдан естіп жүрген сөзіміз ғой.

Президент сайлауы Конституциялық реформалардың заңды жалғасы екенін мойындауымыз керек. Халық Қаңтар оқиғасынан кейін 30 жылға созылған саяси жүйенің кетеуі кетіп, бір адамға байланған жүйемен еліміздің ұшпаққа шықпайтынын түсінді.

Сол себепті Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев саяси реформаларды бірден қолға алып, Конституцияға өзгерістер енгізді. Президенттің билігі шектеліп, мемлекет басқарып отырған адамның туған-туыстарының жоғары лауазымды қызметте және квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуіне қатаң түрде тыйым салды.

Егер әлдкімдер осындан бір жыл бұрын «Қазақстанды осындай саяси жаңғырулар күтіп тұр» десе, оған ешкім сенбес еді. Конститутциялық өзгеріс саяси партияларды жасақтау, жергілікті билік орындарының өкілеттілігін кеңейту, Конститутциялық сотты құру сынды қадау-қадау мәселелерді де қамтығанын бәріміз білеміз. Оны термелеп жатудың қажеті жоқ.

Ең бастысы мұның бәрі халықтың тікелей қатысуымен, яғни, референдум арқылы жүзеге асты.

Ерте көктемде қолға алынған саяси реформалардың жемісті болуы үшін Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу турасында шешім қабылдағанын жария етті. Конституцияның үштен екі бөлігі жаңарып жатқанда Президент пен заң шығарушы орган Парламенттің жаңаруын заңдылық деп қабылдауымыз керек.

Қаңтар оқиғасынан кейін бірқатар саяси сарапшылар елде Президент және Парламент сайлауын өткізудің маңызы жайында айта бастағанын білеміз. Бірақ Назарбаев дәуіріндегі елімізді тығырыққа тіреген саяси жүйемен сайлау өткізіп, ескі жүйенің кетеуі кеткен механизмдерін жамап-жасқап Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес еді.

Ең алдымен саяси өзгерістерді жүргізіп, соңынан сайлау өткізу логикаға да сыйымды дүние болғаны анық. Сондықтан кезектен тыс Президент сайлауы елімізде қолға алынған саяси реформалардың заңды жалғасы деп баға берген жөн.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Алдыңғы мақала

Жастар неге жұмыссыз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Молот СОЛТАНАЕВ: Қазақтың Мюнхгаузені

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.