Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Президенттің энергетикалық инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі тапсырмасы: алдағы жылыту маусымына дайындық үшін Үкімет резервінен 25 млрд теңге бөлу мақұлданды

6 Мамыр, 2026
Поручение Президента по модернизации энергетической инфраструктуры и коммунального хозяйства: из резерва Правительства одобрено выделение 25 млрд тенге на подготовку к предстоящему отопительному сезону
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады.

Премьер-министр өткен жылу беру маусымы аса бір қауіпті апаттық жағдайларсыз аяқталғанын атап өтті. Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны  былтырмен салыстырғанда 15%-ға азайды.

17 мың МВт электр энергиясы өндіріліп, тарихи ең жоғары деңгейге қол жеткізілді. Бұл – өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда  7%-ға жоғары.

«Аталған фактілер өткен қыс мезгіліне дайындық жұмыстарының  едәуір жоғары болғанын білдіреді Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында  энергетикалық инфрақұрылымды және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту міндетін қойды. “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасы аясында  биыл электр стансаларын жөндеу және жаңғырту жұмыстарына  шамамен 384 млрд теңге қаралған, бұл өткен жылмен салыстырғанда  9%-ға көп. Сондай-ақ еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Тек биылдың өзінде 130 шақырым жылу желілері мен 10,5 мың шақырым электр желілерін жаңғырту жоспарланған. Аталған шаралар желілердің тозу деңгейін тиісінше 48 және 62%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте Премьер-министр ведомстволар мен әкімдіктердің жөндеу жұмыстарының көлемі мен оларды қаржыландыруды қысқартуға жол бермеуі қажеттігіне назар аударды. Әрбір мұндай факт бойынша меншік иелеріне, сол сияқты басқарушы компанияларға қатысты шаралар қабылданады. Осыған байланысты «KEGOC» компаниясына  Энергетика министрлігімен бірлесіп,  25 мамырға дейін  ұлттық маңызы бар стансаларға арналған жабдықтардың жұмыс режимдерін бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету үшін өңірлерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетілетінін атап өтілді. Энергия көздері мен желілік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша  жоспарлы жұмыстарды жалғастыру қажет.

Жылу желілерін  дер кезінде әрі сапалы сынақтан өткізу керек. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуы тиіс.

Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Үкімет резервінен  25 млрд теңгеден астам  қаржы бөлу туралы шешім мақұлданды. Аталған қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірде 30 шақырымға жуық жылу желілерін жөндеуге бағытталды.

Олжас Бектенов бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын және қол жеткізілген нәтижелерді  бақылауда ұстау қажет екенін баса айтты. Өңірлерде энергия нысандарының дайындық паспорттарын алмайтын жағдайлар тіркелетін болса, оған өңір әкімдері тікелей жауапты болады.

Өңір әкімдіктеріне екі апта мерзімде барлық конкурстық рәсімдерді өткізіп, жөндеу жұмыстарына нақты кірісу тапсырылды.

«Ешқандай басы артық бюрократия болмауы керек. Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңынан кешіктірмей аяқтау қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толығымен дайын болуын қамтамасыз етсін. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15  қазанға дейін толық әзір болуы тиіс. Әкімдерге жылу нысандарына тұрақты негізде барып, жағдайды жеке бақылауға алуды тапсырамын», — деп атап өтті Премьер-министр.

Энергетика министрлігіне Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Тапсырмалардың орындалуын үйлестіру және бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Алдыңғы мақала

Поручение Президента по модернизации энергетической инфраструктуры и коммунального хозяйства: из резерва Правительства одобрено выделение 25 млрд тенге на подготовку к предстоящему отопительному сезону

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Болашақ инженерлерді қалыптастыру: ШҚТУ автокеруені өңірлерге жол тартады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.