Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталды

8 Маусым, 2026
«Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталды
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жəне Қазақстандағы Эколог күніне орай елімізде мектеп оқушылары арасында «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқау Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер тақырыбына арналып, табиғатты қорғау мəселесіне балалар мен жасөспірімдердің назарын аударуды көздейді. Жобаны Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырып отыр.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 1-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар 1-4 сынып, 5-8 сынып жəне 9-11 (12) сынып оқушылары болып бөлінген үш жас санаты бойынша бақ сынайды.

Қатысушы Қызыл кітапқа енген бір жануарды немесе өсімдікті таңдап, оның бейнесін өз шығармасында көркем түрде ұсынуы қажет. Жұмыс таңдалған өсімдік не жануардың табиғаттағы рөлін, ерекшелігін, мекен ету ортасын жəне оны сақтаудың маңызын көрсетуі тиіс. Суретпен бірге «Неліктен мен дəл осы түрді таңдадым жəне оның болашақ ұрпақ үшін маңызы қандай?» деген сұраққа жауап беретін 500 таңбаға дейінгі қысқаша эссе қоса ұсынылады. Заманауи, Street Аrt жəне эксперименталды бағыттардағы жұмыстар қабылданады.

Байқауға қатысу үшін оқушы немесе оның заңды өкілі жұмысты Instagram, TikTok, Facebook, Threads немесе X əлеуметтік желілерінің бірінде жариялауы қажет. Жарияланымда қатысушы туралы ақпарат көрсетіліп, #DalaQazynasy жəне #QazaqCreative хэштегтері, парақшасы белгіленуі тиіс. Сондай-ақ @qazaqcreative

Одан кейін қатысушы https://forms.gle/Atqq7GBK8btzmovD7 сілтемесі арқылы өтінім толтырып, суреттің файлын, эссені жəне əлеуметтік желідегі жарияланымға сілтемені жолдайды.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 5 маусым мен 27 шілде аралығында жүргізіледі. Жұмыстарды кəсіби суретшілер, иллюстраторлар мен салалық мамандардан құралған сарапшылар комиссиясы бағалайды. Сонымен қатар «Халық таңдауы» номинациясы бойынша ашық онлайн дауыс беру ұйымдастырылады.

Сондай-ақ «Үздік экологиялық үндеу», «Үздік көркем шешім», «Үздік цифрлық туынды», «Ең жас талант» жəне «Халық таңдауы» арнайы номинациялары тағайындалған. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардан Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерге арналған «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» арт-кітабы жарық көреді, сондай-ақ ағартушылық жəне мəдени жобалар аясында таныстырылады.

Алдыңғы мақала

Ауданда заманауи демалыс және қызмет көрсету орталығы ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.