«Бүгін еліміздің болашағына қатысты маңызды күндердің бірі. Осы орайда референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Әр азаматтың пікірі мен таңдауы – мемлекетіміздің ертеңіне әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан осындай маңызды сәтте бейжай қалмай, азаматтық борышымды орындадым.
Еліміздің дамуы, халқымыздың бірлігі мен болашағы үшін әрқайсымыздың белсенді болғанымыз маңызды. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – дейді Панфилов ауданы бойынша ең жас дауыс беруші Ясын Фариза Кеңесқызы.










