Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Бүгін біздің мемлекетіміз үшін айтулы күн. Ел бірлігі біздің қолымызда. Мен референдумға келіп, елдің мүдделері мен азаматтардың әл-ауқатын басшылыққа ала отырып, өз таңдауымды жасадым. Бұл біздің еліміздің және біздің ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», – деп атап өтті танымал композитор.