Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Құрылтай сайлауында дауыс беру белсенділігі жоғары болмақ – 73,1%

17 Тамыз, 2026
Құрылтай сайлауында дауыс беру белсенділігі жоғары болмақ – 73,1%
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.
«Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.
Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.
Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттер арасында ең жоғары қолдауға «Әділет» партиясы ие. Сауалнамаға қатысқандардың 70,3%-ы аталған партияға дауыс беруге дайын екенін білдірді. Осылайша «Әділет» партиясы электоралдық таңдаулар рейтингінде бірінші орынға ие болып отыр.
Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оған респонденттердің 5,6%-ы дауыс беруге дайын.
Үшінші орында «Ақ жол» партиясы, партияны қолдаушылар үлесі 5,0% құрады.
Келесі кезекте «Respublica» партиясы орналасқан, оны респонденттердің 4,9%-ы қолдауға дайын.
Бесінші орында 4,2% нәтижемен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орналасқан.
Алтыншы орында – Халық партиясы респонденттердің 3,9% қолдаған.
Жетінші орында – «Байтақ» партиясы, қолдау деңгейі 0,6%-ды құрады.
Сондай-ақ респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді.
Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.
Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

Алдыңғы мақала

Мемлекет сөз бостандығын шектемейді, керісінше оны қорғайды – Аида Балаева

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу рекорд орнатты

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.