Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

14 Қазан, 2025
Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Сәтбаев университетінде университеттің ұстазы, Білім беру саласының үздігі төс белгісінің иегері, Қазақстан инженерлік мектебінің көрнекті өкілі Жәмиға Орманованың құрметіне арналған аудитория ашылды. Салтанатты шараға оның туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Аудиторияның ашылу салтанатында университет ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, осы істі жүзеге асыруға атсалысқан барлық жандарға алғыс білдірді:

– Жәмиға Орманова атындағы аудиторияны аша отырып, біз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырамыз, әрі өзінің мамандығына деген адалдығымен ерекшеленген ұлы тұлғаны қазіргі студенттерге үлгі етіп көрсетеміз. Осы аудиторияда білім алатын әрбір студент Жәмиға Ормановадан өнеге алып, адамгершілік пен адал еңбекке талпынады деп сенемін, – деді ректор.

Жәмиға Ғалиқызы Орманова – тау-кен инженері, маркшейдер, белгілі жазушы, журналист әрі аудармашы Ғали Ормановтың қызы. Ол өмірінің қырық жылдан астам уақытын Сәтбаев университетіне арнады. 1954 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы жерде аспирантураны да тәмамдады, сөйтіп өзі оқыған оқу орнында ұстаздық етуді, шәкірт тәрбиелеуді және ғылыми зерттеумен шұғылдануды өмірлік жолы ретінде таңдады. Ол «Геодезия», «Маркшейдерлік ісі», «Тау-кен жұмыстарының әсерінен жер қыртысының және жер бетінің ығысуы», «Топографиялық және маркшейдерлік сызу» пәндерінің білікті оқытушысы ретінде студенттердің есінде сақталып қалды.

Сонымен қатар Жәмиға Орманова кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына да белсене араласып, Қарағанды көмір бассейні мен Текелі қорғасын-мырыш комбинатындағы жер қыртысының ығысу үдерістерін зерттеді. Оның көпжылдық жұмысының нәтижесі ретінде 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Алайда оның ең басты қасиеті – студенттердің бойында ғылым мен мамандыққа деген қызығушылықты оята білуі еді. Оның шәкірттері сүйікті ұстаздарын ешқашан ұмытқан емес, үнемі хал-жағдайын біліп, қонаққа келіп, түлектер кездесулеріне шақырып жүрді.
Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұлықпан Сыдықов, техникалық ғылымдар докторы, профессор Нұрпейісова Маржан, жазушы, халықаралық алаш сыйлығының иегері Мағира Қожахметова, жиен немересі Айдар Қырықбайұлы және профессор, шәкірттері қатысты.

Сондықтан да Жәмиға Ғалиқызы атындағы аудиторияның ашылуы бүкіл университет үшін маңызды оқиға болмақ

Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қазақстан – халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.