Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Құсбегілер әулетінің таңдауы

20 Қараша, 2022
Құсбегілер әулетінің таңдауы
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының жұртшылығы кезектен тыс Президент сайлауына белсене қатысуда. Өңірдің бүкіл аудандары мен қалаларындағы сайлау учаскелері таңертеңнен бастап қызу жұмыс істеп жатыр. Сайлаушылар да жексенбі екеніне қарамастан уақыт тауып, өз таңдауларын білдіруде.

Облысағы қос қаланың бірі, кеншілер шаһары Текелі қаласындағы  №1031 сайлау учаскесіне келушілер легі әлі толастаған жоқ. Алғашқылардың бірі ретінде осында  келген  елімізге танымал саятшы, атбегі, құсбегі, Ұлттық спорт қауымдастығының республикалық деңгейдегі төрешісі, еңбек ардагері Бүркітбай Файзолла әулетіндегі сайлауға құқы бар отбасы мүшелерімен  бірге өз таңдауын жасады.

Бүркітбай Файзоллаұлы бала кезден баба мұрасын қасиет тұтып, ата кәсіптің қыр-сырын жан-жақты меңгерген, ұлттық құндылықтарды әрдайым ұлықтап жүретін жан. Оның тұлпар баптап, тазы ертіп, қыран ұшырған өнерімен қоса, ұлттық салт-дәстүрді өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген ұстаздығы өз алдына бір төбе. Бала-шағасымен бірге қазақтың ұлттық өнерін қадырлеп, айналасына үлгі көрсетіп жүрген құсбегі, атбегі Бүркітбайдың есімі тек Жетісу өңіріне ғана емес, ата дәстүрі мен кәсібін құрмет тұтатын барша қазақ жұртына мәлім. Ұлы Жасұланда әке жолын жалғастырып, бабы келіскен қыран құстарын өңірлік, республикалық саятшылық жарыстарына қосып, маңдайы жарқырап жүлде алып жүр. Немересі Әлғазиз да ата мен әке, аға тәліміне ден қойып, құс баптаудың қыр-сырын меңгеруде.

Әулеттің арқасүйер абызы Бүркітбай Файзоллаұлы: «Ел тізгінін сеніп тапсыратын тұлғаны сайлаудың, азаматтық парызды өтеудің мән-маңызын өсіп келе жатқан ұрпаққа ұғындыру үшін сайлауға бала-шағамызбен бірге қатысып, саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен үлкен қатысудамыз. Қазақстанның әр азаматы ел болашағы үшін аса маңызды болып тұрған дәл қазіргі сайлаудан қалыс қалмауға тиіс деп білемін. Іргеміз берік, бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!»,– деп аталы сөзін айтып, жерлестерін саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Болат Абаған,
Жетісу облысы

Алдыңғы мақала

Сайлау учаскелерінде 20 мың сақшы қызмет атқарып жүр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды — Асылы Осман

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
802
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
799
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
776
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
661
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
638
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
551

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.