Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шетелге шыққанда түрлі жұқпалардан сақ болыңыз!

25 Маусым, 2026
Шетелге шыққанда түрлі жұқпалардан сақ болыңыз!
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жазғы демалыстың жақындауымен шет елдерге туристік сапарлармен барушылар саны артады. Бұл ретте, шетелге шыққанда инфекциялық аурулардан сақтану шаралары туралы айтып өтейін.

Әлемнің әртүрлі елдерінде адам денсаулығына елеулі қауіп төндіретін жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі бар.

Қазіргі уақытта әлемде оба, тырысқақ, сібір жарасы, туляремия, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, Ласса, Денге, Чикунгунья қызбасы, хантавирустар (негізінен кеміргіштер тарататын РНҚ вирустары, геморрагиялық қызба немесе хантавирусты өкпе синдромы дамуы мүмкін, негізінен Азия мен Еуропада), маймыл шешегі сияқты қауіпті аурулар тіркелуде.

Жұқтыру қаупі:

  • баратын елге, болу ұзақтығына;
  • болу уақытында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың болуына;
  • профилактикалық шаралардың сақталуына байланысты.

Ауа райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн:

  • Тропикалық елдерге (Тайланд, Үндістан, Куба, Мальдив, Венесуэла) баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс.
  • Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында сары қызбаға қарсы міндетті түрде егілу керек (Малайзия, Индонезия Тайланд, Вьетнам).
  • Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.
  • Меккеге баратындарға менингококқа қарсы егіліп алған жөн.

Кейбір елдер талап еткен екпелердің бар екендігі туралы анықтамаңыз болмаса жібермеуі (кіргізбеуі) мүмкін.

Жұқпалы және паразиттік аурулар қалай жұқтырып алуға болады?

  • Жәндіктер шаққанда (масалар, москиттер, кенелер, т. б.).
  • Су арқылы (белгісіз көздерден ішу, шомылған кезде ауызға су кіргенде).
  • Азық-түлік арқылы (жуылмаған көкөніс, жеткіліксіз термиялық өңдеуден ет/балық).
  • Топырақ арқылы (жеміс-жидек ластануы, жағажайда төсенішсіз жату, жалаңаяқ жүру).
  • Ауру адамдардан/тасымалдаушылардан (тікелей байланыс, тұрмыстық заттар арқылы).
  • Ауру жануарлардан (тікелей байланыс, термиялық өңделмеген өнімдер арқылы).

Сондықтан, сапар алдында туристік фирмада нұсқаулықтан өтіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары және профилактикалық егу мүмкіндігі туралы ақпарат алу қажет.

Саяхат кезінде сақтық шараларын сақтау қажет:

  • ішуге тек қайнатылған н/е бөтелкедегі ауыз суды пайдалану;
  • шикі судан жасалған мұзды тұтынуға болмайды;
  • ет, балық, теңіз өнімдері термиялық өңдеуден өтуі керек;
  • бейтаныс тағамдарды жемеу, базарлар мен науалардан тамақ сатып алмау, жергілікті тұрғындар дайындаған тәттілерді жемеу;
  • өнімдерді мамандандырылған дүкендерде зауыттық қаптамада сатып алу;
  • көкөністер мен жемістерді қауіпсіз сумен жуып, қайнаған сумен шайыңыз;
  • қолыңызды сабынмен мұқият жуу (тамақтанар алдында, дәретханадан кейін);
  • рұқсат етілген тоғандарда ғана шомылыңыз;
  • су айдыны/бассейнде шомылу кезінде судың ауызыңызға түсуіне жол бермеу;
  • бейтаныс жануарлармен, олардың етімен, қанымен байланыстан аулақ болыңыз;
  • жәндіктерге қарсы құралдарды (репелленттер мен инсектицидтер) қолдану, мүмкіндігінше терезелер мен есіктерді торлау, кереуеттерді шымылдық құру.

«Егер саяхат кезінде немесе қайтып келгеннен кейін Сізде немесе Сіздің серіктеріңізде дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш өту, қанды қақырықпен жөтел, тері мен шырышты қабатта бөртпе пайда болса, шұғыл түрде дәрігерге жүгіну қажет. Дәрігерге қандай елде, қашан және қандай мерзімде болғаныңызды хабарлау қажет.Ағымдағы жылы қажылыққа бару маусым айынан бастап жоспарланған. Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 млн.-ға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-4 мың адам – Қазақстан Республикасынан барады.
Сауд Арабиясы менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел»,
— деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және менингококк инфекциясына қарсы вакцинацияның болуы.

Умра, қажылық мақсатында немесе маусымдық жұмыстар үшін келушілер Сауд Арабиясына келгенге дейін 3 жылдан аспайтын және кемінде 10 күн бұрын берілген төрт валентті (ACYW135) менингитке қарсы вакцинамен вакцинациялау туралы куәлікті ұсынуы керек. Келушінің шыққан елінің жауапты органдары ересектер мен 2 жастан асқан балаларға төрт валентті полисахаридті вакцинаның (ACYW135) 1 дозасын енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактика шараларын есте сақтау керек:

  • қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын салфеткаларды пайдалану;
  • жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану;
  • ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;
  • адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
  • түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;
  • қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
  • сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;

Сапардан қайтып келгенде және аурудың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақтың ауыруы және басқасы) пайда болса, тез арада дәрігер шақыртып, оған қажылыққа барғаныңызды айту қажет.

 

 

 

 

 

Алдыңғы мақала

В области Жетісу в рамках программы «Ауыл құтқарушылары» открыт 5-ый пожарный пост

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Молодежь Жетісу вышла на уборку берегов реки Балыкты

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.