Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шомылу маусымы басталып, қауіпсіздік күшейтілді

17 Маусым, 2026
Шомылу маусымы басталып, қауіпсіздік күшейтілді
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде шағын көлемді кемелерді бақылау және қадағалау, сондай-ақ шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Жетісу облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбек пен төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Елдар Турсунов қатысып, өңірдегі су айдындарындағы ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жаз мезгілі басталысымен өзен-көл жағасына ағылатын демалушылар саны артады. Табиғат аясындағы тынығу әркімге қуаныш сыйлағанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда оның соңы қайғылы оқиғаларға ұласуы мүмкін. Сондықтан су айдындарындағы тәртіп пен сақтық мәселесі үнемі ерекше назарда.

Брифинг барысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен жылғы шомылу маусымында облыс аумағында суға кетудің 5 дерегі тіркелген. Оның екеуі бала өмірін қиған. Сонымен қатар құтқарушылар 36 адамды ажалдан арашалап қалған. Құтқарылғандардың 13-і – балалар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қайғылы жағдайлардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарын елемеуден туындайтынын атап өтті. Өткен жылы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 51 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 733 мың теңгеге жеткен.

– Судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі өзекті күйінде қалуда.. Сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге басымдық берілуде, – деді Елдар Жеңісбекұлы.

Шомылу маусымына дайындық жұмыстары биыл ерте басталған. Сәуір айында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізіп, өңір әкімдіктеріне нақты тапсырмалар жүктелген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметкерлері полицейлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп 68 рейд пен патрульдік іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесінде тұрғындарға 1545 ақпараттық жадынама таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Бүгінде облыс аумағындағы қауіпті учаскелерде 190 тыйым салу белгісі орнатылған. Оның ішінде Талдықорғанда – 18, Текеліде – 10, Алакөлде – 25, Сарқанда – 15, Көксуда– 15, Панфиловта – 11 белгі қойылған.

Су айдындарындағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін облыстық жедел-құтқару жасағы толық дайындықта. Қызмет қарамағында 33 жүзу құралы бар. Олардың қатарында катерлер, темір қайықтар, ескекті және үрлемелі қайықтар жұмысқа әзірленген. Сонымен бірге 45 бірлік сүңгуірлік және құтқару жабдықтары пайдалануға дайын.

Жергілікті бюджет есебінен 50 құтқару жилеті сатып алынған. Алдағы уақытта қосымша 6 үрлемелі қайық алу жоспарланып отыр.

Жаз мезгілінде туристер көп шоғырланатын Алакөл жағалауындағы қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Қазіргі таңда жоспарланған 31 құтқару мұнарасының 25-і орнатылып, қалқыма қоршаулар мен пирстер жабдықталуда. Бұл шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Балалардың жазғы демалысына арналған сауықтыру орындары да ерекше бақылауға алынған. Алакөл жағалауындағы «Жалын», «Жансая» және «Шағала» лагерьлерінде құтқарушылардың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылып, қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілген.

Брифингте туристік нысан иелерінің жауапкершілігі де сөз болды. Осыған байланысты Ақши мен Көктұма ауылдарындағы кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізіліп, судағы қауіпсіздік талаптары мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілген.

Дегенмен мамандар шешімін күткен мәселелердің де бар екенін жасырмады. Атап айтқанда, Алакөл және Сарқан аудандарында қоғамдық құтқарушыларды даярлау жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде. Бұл жағдай шомылу маусымындағы қауіпсіздікке кері әсер етуі мүмкін.

– Су айдындарындағы қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Тек құтқарушылардың күшіне сеніп отыру жеткіліксіз. Әр адам белгіленген талаптарды сақтағанда ғана қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Жалпы шомылу маусымына дайындық жұмыстары департаменттің тұрақты бақылауында, – деді Елдар Жеңісбекұлы.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Алдыңғы мақала

Әлем назары Екпіндіде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.