Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

1 Шілде, 2026
Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды.

Конституциядағы өзгерістер бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Олар: мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, сөз бостандығы және шығармашылық еркіндік, отбасы институтын қолдау, дін, волонтерлік және қайырымдылық қызмет. Аталған бағыттарға қатысты өзгерістердің іске асуы азаматтық қоғамның дамуына, құқықтық мәдениеттің нығаюына және қоғамдағы ашық диалогтың орнығуына тікелей ықпал етеді.

Мәдениет саласындағы басты жаңалықтардың бірі – тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдаудың мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілуі. Бұл музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, кинематография мен концерттік ұйымдардың дамуына, сондай-ақ шығармашылық орта өкілдерін қолдауға конституциялық деңгейде басымдық берілетінін көрсетеді.

Архив, кітапхана және кітап ісі үшін бұл өзгерістер мұрағаттағы құжаттарды сақтауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға, қорларды цифрландыруға, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттауға берік құқықтық негіз қалайды. Жаңа Конституция архивтер мен кітапханалардың тарихи мұраны сақтаудағы және жұртшылықтың білім алуына мүмкіндік жасайтын мекеме ретіндегі маңызын арттыра түседі.

Конституцияда тіл мен мәдени әралуандылыққа қатысты қағидаттарға да ерекше мән берілген. Ата Заң әркімнің ана тілін, төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға кепілдік береді. 100-ден астам этнос өкілі тұратын және 1 мыңнан астам этномәдени бірлестік қызмет ететін Қазақстан үшін бұл қағидаттардың маңызы орасан. Олар еліміздегі мәдени мұраны сақтауға, тілдің дамуына және ортақ азаматтық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді.

Конституциядағы өзгерістердің маңызды бағыты – сөз бостандығы және шығармашылық еркіндікті қамтамасыз ету. Жаңа Конституция сөз бостандығына, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне, ақпаратты заңда белгіленген тәртіппен еркін алу және тарату құқығына кепілдік береді. Сонымен қатар цензураға тыйым салынып, зияткерлік меншік құқығының қорғалуы конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының, авторлар мен баспагерлердің, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, креативті индустрия өкілдерінің, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және мәдени мазмұндағы өнім әзірлейтін ұйымдардың қызметін құқықтық тұрғыдан нығайтады.

Бұл қағидаттардың кәсіби журналистика үшін маңызы зор. Бүгінде Қазақстанда бес мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Цифрлық платформалардың, әлеуметтік желінің, жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы және ақпарат көлемінің артуы кәсіби журналистикаға қойылатын талапты күшейте түсті. Осындай жағдайда шынайы, тексерілген әрі сапалы ақпараттың құндылығы бұрынғыдан да артады. Бұқаралық ақпарат құралдары реформалардың мәні мен мазмұнын түсіндіріп, өзекті мәселелерді қоғам талқысына ұсынады. Сондай-ақ азаматтардың маңызды ақпараттан хабардар болуын қамтамасыз етіп, ашық диалог мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Конституцияда сөз бен шығармашылық еркіндігіне, ақпаратты заңда белгіленген тәртіппен еркін алуға, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғауға берілген кепілдіктер креативті индустрияның дамуына да жол ашады. Бүгінде кино, музыка, театр, медиа, цифрлық контент, дизайн, блогинг, ойын индустриясы мен ұлттық қолөнер – мәдениеттің ажырамас бөлігі ғана емес, ел экономикасының өсіміне үлес қосып отырған маңызды бағыттар. Сондықтан жаңа конституциялық қағидаттар шығармашыл орта өкілдерін қолдауға, креативті кәсіпкерлікті дамытуға және отандық контенттің өрісін кеңейтуге негіз болады.

Отбасы құндылықтарына қатысты Конституцияда неке ер мен әйелдің заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, ерікті әрі тең құқықты одағы екені нақты көрсетіледі. Сондай-ақ отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Бұл нормалар отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ана рөлін қалыптастыруға, балаларды тәрбиелеуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық мақсаттағы жұмыстардың құқықтық негізін күшейтеді.

Дін саласына қатысты бірқатар қағидат та конституциялық деңгейде бекітіледі. Атап айтқанда, мемлекеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің тең болуы және дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты сақталады. Сонымен қатар ар-ождан бостандығына кепілдік беріліп, конфессияаралық келісім қоғамның маңызды құндылықтарының бірі ретінде танылады. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты Конституцияда көрініс табады.

Бұл қағидаттардың Қазақстан үшін маңызы айрықша. Себебі еліміздегі орнықты дамудың негізі – бейбітшілік, сыйластық және қоғамдық келісім. Бүгінде елімізде этномәдени бірлестіктерді, қоғамдық ұйымдарды және азаматтық қоғамның өзге де институттарын қоса алғанда, 5 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді. Жаңа конституциялық қағидаттар қоғамдық келісімді нығайтуды, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздеп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты бекемдейді.

Жаңа Ата заң волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты қолдауға қатысты да нормаларды қамтиды. Бұл аталған бағыттардың дамуына серпін беріп, қоғамдық белсенділіктің артуына, азаматтық бастамалардың кеңеюіне, ізгілік пен жанашырлық құндылықтарының кеңінен дәріптелуіне негіз болады. Елімізде волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық және филантропиялық қызметке үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарға үнемі қолдау көрсетіліп келеді.

Осылайша, бүгіннен бастап Конституцияның жаңартылған нормалары мәдениет, ақпарат, архив, кітапхана, кітап ісі, дін салаларындағы және азаматтық қоғам институттарымен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағдарын айқындайды. Жаңа Ата заң қағидаттары құқықтық мәдениеттің қалыптасуын, шығармашылық орта мен кәсіби журналистиканың дамуын, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің артуын мақсат етеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жаңа Конституция – жаңа саяси мәдениеттің негізі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.