Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы И. Крылов атындағы орта мектеп ғимаратындағы №270 сайлау учаскесіне сағат 7 болмай келіп дауыс берген зейнеткер, еңбек ардагері, 88 жастан асқан Сәлиғазы Нұрақынұлын сөзге тарттық.
«Біз соғыс алдында дүниеге келіп, отбасымызбен соғыс ауыртпалығын тартқан ұрпақтың өкіліміз. Әкеміз біздің жас кезімізде соғысқа алынса да қан майданнан аман-есен келіп, тұралаған шаруашылықтың жағдайын көтеруге еңбек етті. Мамандық алмасақта,еңбекке бар ынта-жігерімізбен белсене араласып көп жетістікке жеттік. Бүгінгі күндері жасымыз 88-ден асса да ертеңгі күнгі немере, шөберелеріміздің тұрмысы жақсы, өмірлері жарқын болса демекпін. Ел Президенті бізді жақсылыққа бастайтынына сеніп, АЭС салу жөніндегі сайлауда дауыс беруге қатыстым. Алдымыз айқын, Ел іші әрдайым тыныш болып, алдымызға қойған мақсатымыз айқын болса болғаны», – дейді ақсақал.
М.СОЛТАНАЕВ