Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Әскерге жарамды жастар қалмай барады

11 Қараша, 2022
Әскерге жарамды жастар қалмай барады
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазіргі таңда жастардың денсаулығы нашарлап, дене бітімі тым ұсақталып бара жатыр. Оған себеп те жоқ емес. Алаңдатарлығы сол, бұл өзгеріске 15-20 жыл болып қалған.

Өскелең ұрпақтың ұсақталуына ең бірінші тұрмыстық ахуал зиянын тигізіп отыр. Нарық туындатқан күйбең тіршіліктен жастар дұрыс тамақтанбағандықтан, ағзаға қажетті дәрумендер жетіспейді. Мұндай көрініс ауыл жастарының арасында көп. Олардың құнарсыз аспен тамақтануы ағзаға айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Екіншіден, ауылдағы жастардың зат алмасу процесі өз деңгейінде жүрмейді екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, ұрпақтың әлсіз болып туылуына әйелдердің бала тууды шектеуі де кері әсерін тигізіп отырған көрінеді.

Баланың әлжуаз болуы тек онымен ғана шектелмейді. Оған экологиялық ортаның ластануы, климаттың өзгеруі де себеп. Онымен қоса, жеті атаға толмай жатып қыз алыспайтын аталарымыздың тамаша дәстүрін кейінгі кезде сақтай алмай жүргеніміз де бар.

Қазір «тұрмыстық неке» деген белең алды. Республиканың бірнеше аймақтарында бір-біріне бөле болған жастарды үйлендіре салу үрдіске айналған. Мұндай көріністі, әсіресе, оңтүстік өңірлерден көптеп кездестіруге болады.

– Біріншіден, бізде ұрпақ тәрбиесін көтеру мәселесі өте әлсіз. Еуропада оқып келген көшірме, еліктегіш ғалымдар ондаған жылдар бойы денсаулық сақтау мен білім саласына жасанды эксперименттер жүргізіп келеді. Жалпы, тіршіліктен, салт-дәстүрімізден күннен-күнге ажырап бара жатқан сайын, халықтың денсаулығы да, рухани дүниесі де әлсіреп барады. Қазір жалпы медицинаның статистикасына қарасаңыз, адам шошитын жағдайда. Балалардың барлығы ауру. Тіпті іштен ауру болып туып жатқандар қаншама? 1-1,5 жастағы сәбилерге операция жасаудың көбейіп кеткенін көргенде жаның түршігеді. Осы біз қайда барамыз? Мұның барлығы еліктеп-солықтаудың салдарынан орын алып отыр. Дәл қазіргі ұрпақтың халі өте аянышты жағдайда. Денсаулық сақтау саласындағы жүргізіліп отырған бүкіл реформа ғылыми негізсіз жасалынған. Бұдан ештеңе шықпайды, халықтың басын қатырғаннан басқа. Сондықтан шетелдің көшірмесін Қазақстанға тықпалай беруді тоқтатып, ұлтымыздың бұрынғы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен байланыстыра отырып, мемлекеттік деңгейде халықпен ақылдаса отырып шешу қажет, – дейді медицина және педагогика ғылымының докторы Совет-Хан Ғаббасов мырза.

Міне, жастардың ұсақталуына осы секілді теріс әрекеттер кері әсерін тигізуде. Бұл мәселе Республикалық әскери дәрігерлік комиссияның жастарды әскерге шақыру мерзімінде қатты әлек қылады. Олардың сөздеріне сенсек, «ұсақталуды» айтпағанның өзінде жастардың көпшілігі түрлі ауруға шалдығып үлгерген екен.

Ауыл балаларының әскерге қалай болса да барғысы келетіні ақиқат. Жалған анықтама алса да, ауруларын жасырып қалғысы келеді. Себебі жастарды ерекше қызықтыратыны – жұмысқа тұруға мүмкіндік беретін әскери билет. «Денсаулығы жарамды» деген билет алғандардың басым көпшілігі көп уақыт өтпей-ақ әскери госпитальға түсіп жатады» дейді әскери дәрігерлер. Себебі онсыз да әлжуаз балалар әскери өмірдің қиындығы мен ауыртпалығына қайдан төзе қойсын?

Сондықтан осы жағдайды ескерген әскери сала басшылары дәрігерлік тексеру кезінде адамның тек жалпы денсаулығына ғана емес, ағзаның жайсыз факторларына да көңіл бөлу әдісін ұсынып отыр. Олардың хабарлауынша, әскерге шақырылуы тиіс 600 мың баланың әрбір үшіншісі, медицина тілімен айтқанда, дистрофияға шалдыққандар. Ең өкініштісі, аталған дертпен ауырғандар саны жылдан-жылға ұлғаюда.

Кез келген тәуелсіз мемлекеттің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтап тұратын – қуатты әскер. Ал егер де осы жағымсыз құбылыс сақталар болса, біршама жылдан кейін Қарулы Күштер қатарына баратын жан табылмай да қалатын шығар.

Бір кездері белгілі дәрігер, қоғам қайраткері Амантай Біртанов ағамыз «Түрлі ауруға шалдыққан балалар өте көп. Әсіресе, жұмыссыздық белең алған ауылдық жердегі жастар әскерге барғысы-ақ келеді. Бірақ солардың көбісінің салмағы жетпейді, тобан аяқтығы тағы бар, көз ақаулығы асқынған, омыртқалары қисайғандары жиі кездеседі. Қазір ауыл-қалалардағы әскери комиссариаттар әскер қатарына жіберетін жастардың жоспарын орындай алмай отыр. Тіпті әскерге жібергеннің өзінде әскери өмірдің қиыншылығына шыдай алмай, азаматтық борыштарын орындай алмай, әскери госпитальдарға түсіп жатқаны қаншама. Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан мұны бір министрлік шеше алмайды. Бізде қызық, елімізде ана мен бала өлімі көп болса, бас салып дәрігерлерді немесе сала министрлігін сынап жатамыз. Сосын олар қорқып, цифрларды, көрсеткіштерді жасыра береді, жалған ақпарат береді. Сондықтан мұны бір министрліктің мойнына артып қоймай, мемлекеттік деңгейде шешу қажет» деген болатын.

Бұл өзекті мәселе әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ. Ендеше шекарамызды қорғап, отан тыныштығын күзететін әскерімізді денсаулығына көңіл бөлетін уақыт жетті. Мектеп жасындағы ер балалардың денсаулығын жіті тексеріп, олардың спортпен айналысуын қадағалау басты талап болмақ. Өйткені тобан аяқ, қисық омыртқа, телефонға телмірген әлсіз жанар елімізге қорған бола алмасы тағы анық…

Серік ЖҰМАБАЕВ

Алдыңғы мақала

Сапалы білім – ұлт болашағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.