Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат Алматыда Отанға адал болуға ант берді

15 Маусым, 2026
«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат Алматыда Отанға адал болуға ант берді
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскер сапын толықтырған сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл күні Жетісу облысынан, сонымен қоса Астана және Шымкент қалаларынан шақырылған жүзден аса әскерге жаңа келгендер Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Олардың қатарында Жаркент қаласынан шақырылған 18 жастағы Рахат Қабылжан да бар. Өткен жылы ол достарымен бірге әскерге баруға ниет білдіріп, жергілікті әскери басқару органына барған. Алайда кәмелет жасына толмағандықтан әскерге алынбаған. Отан қорғаушы күні қарсаңында Жаркент қаласының әкімдігі тұрғындар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын ұйымдастырып, лоттардың бірі ретінде әскери қызметке мотивация ретінде «әскерге жолдаманы» қосқан болатын. Мұндай ерекше сыйлықты Рахат Қабылжан ұтып алды. Әскерге баратын жасқа толған жас жігіт бірден Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге аттанды.

– Бұл тосын сый мені қатты қуантты. Жас жауынгер курсынан өткен уақыт ішінде өмірге деген көзқарасым өзгерді. Мінез шыңдалып, жауапкершілігім мен тәртібімнің артқанын байқадым, – деді қатардағы жауынгер Рахат Қабылжан.

Ант берер алдында әскер қатарына қосылғандар жас жауынгер курсын сәтті аяқтап, саптық, тактикалық және атыс даярлығының негіздерін меңгерді, оған қоса әскери қызмет жағдайына бейімделді.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін жас сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен жүріп өтті.

Алда жауынгерлерді кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша үш айлық қарқынды оқу күтіп тұр. Осы уақыт ішінде олар күрделі әрі сұранысқа ие әскери мамандықтарды меңгеріп шығады. Олардың қатарында арнайы байланыс және радиотехникалық әскерлер мамандары, радиолокациялық станциялар мен радиобиіктік барлау құралдарының операторлары, зениттік-зымыран кешендерін сүйемелдеу операторлары, сондай-ақ дизельші-электриктер бар.

Биылғы жылдың жаңалығы – ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқару курсының енгізілуі. Бұл бағыт бойынша әскерге жаңа келгендердің барлығы дайындықтан өтеді.

Оқу аяқталғаннан кейін күзет ротасының әскери қызметшілері әскери институтта қызметін жалғастырады. Ал қалған мерзімді қызмет сарбаздары Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамындағы әскери бөлімдерге жіберіліп, елдің әуе шебін қорғауға жауынгерлік кезекшілікке түседі.

Алдыңғы мақала

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейбит Исабаев обсудил с инвесторами реализацию проекта по строительству ветроэлектростанции

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.