Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Соңғы 3 жылда шекаралық Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді

22 Мамыр, 2026
Соңғы 3 жылда шекаралық Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Соңғы 3 жылда Жетісу облысының Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, тағы 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар осы кезеңде ауданда облыстық маңызы бар 42 шақырым жол жөнделіп, 14 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ 11 ауылда көше жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды. Жалпы өңірде жаңадан салынған немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8%-ға жетті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл бұл жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, жаңа оқу жылы басталғанға дейін Сүптай ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, Жаркент қаласында екі жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл Үшарал орта мектебі мен Үлкеншыған ауылындағы балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаркент қаласындағы Головацкий және Нағарашы атындағы орта мектептер газ жүйесіне қосылып, Д. Рақышұлы атындағы өнер мектебіне жөндеу жүргізу жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласында биыл Жаркент қаласындағы перинаталдық орталықты күрделі жөндеу және жаңа ғимарат салу жұмыстары басталды. Жобаны 2027 жылдың ақпан айында аяқтау көзделген. Ал медицина кадрларының тапшылығын шешу мақсатында биыл ауданға жұмысқа 11 дәрігер келеді деп күтілуде.

Мәдениет саласында Сарыбел және Ынтымақ ауылдарындағы мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту да назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда Ынтымақ ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар биыл Әулиеағаш ауылындағы ұзындығы 2,23 шақырым болатын Қарақызов көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, осы жылы Жаркент қаласындағы 9 көшеге жөндеу жасау жоспарланған. Сондай-ақ Көктал, Ақжазық ауылдарындағы Л. Асанова көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ал Кішішыған ауылындағы Бестерек көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

– Ақжазық ауылына 7 жыл бұрын көшіп келдім. Ол кезде көшеде асфальт жоқ, шаң-тозаң, лай-батпақ, тұрғындарға қолайсыз еді. Жақында бірнеше көшеге, соның ішінде жерлесіміз Ләззат Асанова атындағы көшеге жөндеу жасалды. Қазір ауылда өмір сүру бұрынғыдан әлдеқайда жайлы. Ауылға газ да тартылып жатыр, жақында пеш жағып, отын-көмір дайындап, күл шығаруды ұмытамыз. Қаламен қатар ауылдардың да көркейіп жатқанына қуаныштымын, – деді жергілікті тұрғын Айтбек Ділдә.

Сонымен қатар республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар тамыз айында аяқталады. Сондай-ақ облыс басшылығының қолдауымен Жаркент қаласының орталық көшесіндегі 12 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеуге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жобаны осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған.

Жөнделіп жатқан №8 үйдің тұрғыны пікірін білдірді:

– Біздің үйлер ескі. Мұндағы ең үлкен мәселе – жаңбыр жауса шатырдан су өтіп, тұрғындарға қолайсыздық туғызатын. Жөндеу басталғанда алдымен шатырды ретке келтірді, ал шамамен екі аптадан бері үйлердің қасбеттерін абаттандыру жүргізілуде. Қазір бәрі әдемі әрі заманауи көрінеді, жұмыс сапалы атқарылып жатыр. Біз, тұрғындар, осындай қамқорлық пен қолдау үшін ризамыз. Туған Жаркентіміздің жыл сайын көркейіп, абаттанып келе жатқаны қуантады, – деді Әсемай Нүсіпбай.

Алдыңғы мақала

За последние 3 года в приграничном Панфиловском районе введено 30 новых социальных объектов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бас штаб бастығы еліміздің шығысындағы гарнизондарда жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.