Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

14 Шілде, 2026
Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Дуалды оқытуды – теория мен тәжірибенің қосындысы деп айтуға болады. Өйткені, мамандық тану, білу, үйрену тікелей қызмет орнында өтеді. Ал студенттің өзі жұмыстағы ұжымның бір бөлігіне айналады.

Дуальды оқыту жүйесі елдегі бірнеше колледж бен жоғары оқу орындарында енгізілген және мыңдаған кәсіпорынды қамтиды. Оқытудың осындай форматын таңдайтын жастар қатары жыл сайын өсіп келеді. Мұндай үшжақты ынтымақтастықтың артықшылықтарын кәсіпкерлік субъектілерінің өздері де көріп отыр. Тек Жетісу облысында ғана кадрларды тәжірибелік даярлауға 400-ге жуық бизнес нысаны тартылған. Дуальды оқыту бағдарламасы экономиканың 22 саласына қатысты және биыл ол аймақта 39 мамандық бойынша 16 колледжде енгізілген.

– Біз білім басқармасымен бірлесе отырып, 10 жылдан аса дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асырып келеміз. Оны бір реттік іс-шаралардан тұрақты әрі жүйелі серіктестікке айналдырдық. Бұл жұмысқа тек ірі компаниялар ғана емес, бүгінде жобаға 18 ірі бизнес кәсіпорындары, сондай-ақ 309 шағын кәсіпкерлік субъектілері де қатысатыны маңызды. Бұдан басқа, дуальды оқыту жүйесіне 46 мемлекеттік мекеме мен 5 қоғамдық ұйым қосылған, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Дуальды оқыту бағдарламасына жаңа қатысушылар белсенді түрде қосылуды жалғастыруда. Олардың қатарында Сарқан көпсалалы колледжі мен Көксу политехникалық колледжі бар. Олар өңірдегі студенттерді тәжірибелік даярлау мүмкіндігін кеңейтеді. Жүйеде индустрия көшбасшылары да маңызды рөл атқарады. «Қайнар АКБ» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС, «ТК-Метакон» ЖШС, басқа да кәсіпорындар өндірісте тек оқытумен ғана шектелмейді, олар студенттерге тамақ, арнайы киім және мамандықты тәжірибеде меңгеру үшін басқа да қажетті дүниелермен  қамтамасыз етіп, толық жағдай жасайды.

Дуалды оқытудың тиімділігінің көрнекі мысалы ретінде кадрларды даярлау нәтижелерін өз көзіңізбен көруге болатын «И. А, Хакимова» жеке кәсіпкерлігінің аспаздық өндірісін атап өткен жөн. Мұнда таңнан бастап жұмыс қызады. Сөйтіп, торт пен тәтті тоқаш, жаңа пісірілген тағамның небір түрі дайындалады. Өз ісін жақсы білетін кәсіпқойлар арасында тек тәжірибелі кондитерлер ғана емес, жақында ғана студент болған жас мамандар да бар.

Солардың бірі – Іңкәр Кармен. Ол дайын бұйымдарды жинауға және безендіруге жауап береді. Өткен жылы Іңкәр Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжін «Кондитер» мамандығы бойынша тәмамдаған, ал бүгінде ұжымда сенімді түрде іс атқарып келеді. Жұмысқа орналасуда қиындықтар туындаған жоқ. Ол бұл жерге дуальды оқыту аясында келген.

 – Мен мұнда III курста келдім. Алдымен тағылымдамадан өтіп, басынан бастап үйрендім. Содан кейін тәлімгермен бірге жұмыс істей бастадым. Сөйтіп, маман болдым. Маған көбіне жұмыс үдерісі, әсіресе оның соңғы нәтижесін көрген ұнайды, – дейді Іңкәр.

Кәсіпорын 8 жыл бойы Талдықорғандағы жоғары аграрлық-технологиялық колледжі мен сервис және технология колледжімен ынтымақтасып қызмет атқарып келеді. 15-20 жыл еңбек тәжірибесі бар кондитерлер студенттерге тәлімгер болады. Мұнда жас мамандар тек оқып қана қоймай, ресми түрде жұмысқа орналасады.

– Жыл сайын бізге дуальды оқыту бойынша бір-екі студент келеді. Колледжді бітіргеннен кейін көбі қайтып оралып, жұмыс істейді. Қазір цехта осындай 4 маман еңбек етеді және біз олардың атқарған істеріне өте ризамыз, – дейді «Хакимова И. А.» жеке кәсіпкерлігінің аспаздық басқарушы директоры Софья Джахвалиева.

Қорытындылай келе, облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Любовь Буторина дуальды оқыту бүгінде экономиканың нақты секторы үшін кадрлар даярлаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол дуалды оқыту бизнес қажеттіліктері мен білім беру жүйесі арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін, кәсіпорындар дәлелді және дайындалған мамандарға, ал студенттер нақты жұмыс тәжірибесі мен ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болатынын тілге тиек етті.

Ендігі міндет – бұл үдерісті одан әрі сүйемелдеу, қатысушылар шеңберін кеңейту және дуальды оқыту аймақ экономикасының барлық негізгі салалары үшін тұрақты нормаға айналатын жағдайлар жасау.

Айта кету керек, жұмысшы мамандықтарының жыл қорытындысы бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға үлес қосатын үздік кәсіпорындар, оқу орындары мен тәлімгерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген «Кәсіби маман» байқауы аясында атап өтілді.

Айгүл Байбосынова

Алдыңғы мақала

Серіктестіктің берік негізі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Наукоемкие территории атомной отрасли

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.