Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Тарих айнасы

Түрген қорғанының құпиясы

5 Наурыз, 2023
Түрген қорғанының құпиясы
9
БӨЛІСУ
115
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бірде Үшарал ауылының тұрғыны Тұйғынбек Сламжановпен кездейсоқ жолығып қалып әңгімелескенімізде өзінің көкейінен бала кезден бері кетпей жүрген мына бір қызықты деректі айтып берді.

«1968 жылдың күзі еді. Ол кезде 7 класта оқып жүргенмін. Жастайымнан мылтық ұстауға құмар болатынмын. Сабақтан соң апыл-ғұпыл тамағымды іше салып, екі-үш оғымен мылтықты алып қырғауыл атпақ болып ауылдың батысына қарай айналып сыртына шықтым. Ауылдың айналасындағы қалың тоғайдың ішінде қырғауыл өте көп болады. Ол кездерде қазіргі Түрген қорғанының топырақтан соққан қамалы жалпақ, енді еді. Бұрынғылардың айтуы бойынша оның үстімен екі атты арба қатар сиып жүретіндей кең болатын деуші еді. Бір жақ шеті мұжыла бастаған биік қорғанның үстіне шықтым да, жайлап басып жан-жағымдағы ағаштардың арасынан құс көріне ме деп абайлап келе жатқанмын. Қорғанның тауға қарай бұрылатын тұсына жақындағанда әлдебір дауыстар, күбірлер естілгендей болды. Алға жүруден жүрексініп қалдым. Бір жағынан қалың тоғайдың арасы адам қорқатындай да бар. Үлкендер мұндай жерде жын-шайтанның ойнағы болады, солар ойнап жүреді десетін. Әйтседе, қолымдағы мылтығыма сеніп, тоқтай қалып тың тыңдадым. Дауыстар қорғанның ішкі жағындағы менен оншақты метрдей жердегі қабырғасы құлаған бұрынғы там үйдің ортасынан шығып жатыр екен. Бір қарадым да, екі-үш адамның қарасын көріп басымды тартып алдым. Сонда байқағаным, олар там үйдің ортасының топырағын бұрқылдатып қазып жатыр екен. Кәдімгідей белуардан келген шұңқырдан күнкілдескен дыбыстары шығады. Қазақ па, не басқа ұлт па, тілдерін анық ұқпадым. Не сөйлессе де жер астынан шыққандай естіледі. «Қой, қырғауылы құрысын, мыналардың көзіне түссем ұстап алып құртатын шығар» деп тездетіп ауылға қайттым. Ертесіне кешегі аң аулауға барғандағы көрген-естігенімді мектептегі жақын жүрген жолдастарыма айтым. Олар дабырласып, қызығып, сабақтан соң жиналып әлгі жерге баруға келістік.

Түстен кейін бәріміз уәделескендей құрал-саймандарымызды сайлап алып, алтын-күміс болса қазып тауып алмақ болып ауылдан шықтық. Тағы да сол қорған үстімен жүріп отырып кешегі жерге келіп, алыстан дабырламай адамдардың бар-жоғын байқадық. Ешкім көрінбеген соң кешегі құлаған там үйдің орнына келдік. Жан жоқ. Қорғаннан түсіп там үйдің ішіне кіргенде үлкен шұңқырды көрдік. Таң қалғанымыз тереңдігі 2 метр, ені 2х1,5 метрлік құдық көрдік. Шұңқырдың табанында тағы бір төрт бұрышты қазылған жер бар екен. Шұңқырдан бір-екі метрдей жердегі жаймаланған топырақтың үстінен шұңқырдан шығарған нәрсенің ізі түскенін көрдік. Төрт бұрышты, топырақты жаншып тастағанына қарағанда ол сандық қой деп ойладық. Біраз жер көтеріп апарып машинаға басып алып кетіпті. Сол оқушы кезімдегі көрген оқиға әлі күнге дейін ойымнан кетпейді. «Адамдар нені қазып алды? Сандық болса оның ішінде не бар?» деген сұрақтар күні бүгінге дейін мазалайды. Соншама тереңдіктен қазып, тауып, көлікке тиеп әкеткен бұйымды, қамалдың ішіндегі там үйдің табанына жасырғанды ол адамдарға кім айтқан? Жер бетінен 2 метрден тереңдікте қазылып, көмілген құнды зат қаншама жылдар жер астында жатқан, қандай құпиясы бары белгісіз, із-түзсіз кетті», – деп сөзін аяқтады.

Түрген қорғанының көне жер, көне тарихтың қоймасы екендігі бекер емес. Жаркент өлкесінен мұндай сыр жасырған жерлер аяқ басқан сайын кездесері хақ.

 Молот СОЛТАНАЕВ

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

ШЫҢҒЫС ХАН ҮЙСІННЕН ШЫҚҚАН БА?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақ әскері неге азғындап барады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.