Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тұрсынбекова экология және балалар арасындағы буллинг мәселелерін талқылады

16 Қараша, 2022
Тұрсынбекова экология және балалар арасындағы буллинг мәселелерін талқылады
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді. Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті.
Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады.
Ол, сонымен қатар экологтар Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Судың сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді.
Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.
Ол өңірдегі тағы бір маңызды мәселеге тоқталды.
«Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны трагедиясының мәңгілік мұрагері, оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сынақтардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластанған. Бұл — орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғындар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдерде шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады», — деп атап өтті кандидат.
Балалар арасындағы буллинг
Кейін Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады.
«Біз агрессивті қоғамда өмір сүруге үйреніп қалдық, онда әркім өзін қорғайды, бірін-бірі қорлайды, дене жарақаттарын алады. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Қазіргі қоғам инклюзивке және толеранттылыққа бағыт алып келеді. Ал балаларды біз төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды.
Сондықтан ерекше балаларды ұжымға тарта отырып, қабылдау құндылықтарын сіңіру қажет. Ал агрессияны балалар арасында да айыптайтын нәрсе ретінде қабылдау керек. Бірақ, ең алдымен мұнымен үлкендер жұмыс істеуі керек», — деді ол.
Баяндамашы халықаралық ұйымдардың деректерін келтірді. ЮНЕСКО есебіне сәйкес, «Сандардың артында не жатыр? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою» тақырыбы бойынша дүние жүзінде әрбір үшінші оқушы қандай да бір буллингтің түрін бастан кешіреді. Қорқыту оның құрбандарына ғана емес, агрессорлар мен куәгерлерге де әсер етеді.
Қазақстандағы ЮНФПА 2020 жылы шығарған брошюра елдегі балалардың 63 пайызы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болғанын, 44 пайызы құрбан болғанын, 24 пайызы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасағанын хабарлайды.
Бұзақылықтың құрбандары — сыныпқа жаңадан келгендер, ал басқалардан ерекшеленетіндер қатарында сыртқы түрі, оқу үлгерімі, ата-анасының әлеуметтік жағдайы бойынша қысымға ұшырайтындар. Сонымен қатар, толық емес отбасылардан шыққан, туа біткен физикалық немесе психикалық дамуында кемістігі бар балалар буллингке жиі кезігіп жатады.
«Сондай-ақ мұғалімдер де оқушыларға қысым жасайтын топтың қатарынан жиі көрініп қалады. Балалар мұғалімдердің әрекетінен немқұрайлылықты сезініп, оны өзіне жасалған қысым деп қабылдайды», – дейді Тұрсынбекова.
Алдыңғы мақала

Мейрам Қажыкен Қаскелеңдік мұғалімдермен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қарақат Әбден Түркістан облысының сайлаушыларымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.