Дүйсенбі, 8 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тәуелсіздіктің түп-тамыры

15 Ақпан, 2026
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жаңа заң жобасының мәтіні мен мазмұнына, мақсат-мүдде ақиқатына ерекше мән беріп талқылауы – жаңа заман талабы, адамгершілік қасиеті, азаматтық жауапкершілігі және өскелең ұрпақтың өрендік жолына берер әсерімен құнды деп түсінеміз.

Жаңа Ата Заңымыздың жобасы өз мақсат-мүддесін ашықтығы арқылы жан-жақты қамтығаны, ең бастысы – адами құндылықтарды, байырғы қазақ жеріндегі Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті басты мақсат тұтқаны – халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екенінің айқын куәсі дер едік.

«Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз», дей келе, I бөлім, 1-бапта: «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп ерекше сеніммен айқындайды. Сенім демекші, осы жолғы Ата Заңымыз – Конституцияда сенім, жауапкершілік, мүдде, білім, ғылым, денсаулық, озық ой, көзқарас, талап, ел мен ұлттың қауіпсіздігі сияқты батыл қадамға баруымен де ерекшеленеді.

Ата Заң – Конституция бойынша нақты шешімді кәмелет жасқа толған Қазақстан халқы жалпыұлттық референдумда қабылдайды. Қазіргі таңда жалпыхалықтық талқылау аясында e-Otinish және eGov порталдары арқылы пікірлер мен ұсыныстар қабылдау жалғасуда. Бұл жұмысты Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өз міндеттері бойынша саралап жүзеге асыруда. Президентке де есеп беріп келеді. Әрбір отырыстың ашық жүргізіліп жатқанын көріп те, біліп те отырсыздар.

Өмірде пышақпен кесіп тастай салатын кейбір мүмкіндіктер бола бермейтіні – өмір шындығы. Мұны 9-баптың 2-тармағына арнап айтып отырмын. Мен де ұлт ұлылығының болмысын, анаңнан туғанда бойыңа сіңген ана тіліңде сөйлеп, тілің арқылы жеткен жетістіктерді – ғылымда, технологияда, жасанды интеллектіде, цифрлық жүйеде, тіпті мемлекеттік қызмет алуда да, біреуге қызмет көрсетуде де – өз тіліңнің үстемдігі үкіленіп тұрғанын қалар едім.Десе де үш ғасырға жуық бодандықта өмір кешіп, сайқал саясат салдары етінен өтіп, сүйегіне дейін жеткен кейбір жандардың ана тілінен гөрі өзге тілде сөйлеуді, күні бүгінге дейін сана-сезімінен, жан дүниесінен, ішкі әлемінен шығара алмай жүрген жай-күйі батылдыққа бара алмауымыздың бір көрінісі екенін зиялымын дейтіндердің бәрі біледі. Бірақ мұны білмейтін, түсінгісі келмейтін, мойындауға құлшынбайтын топ адамдарға жетпей келе жатқаны да жалған жала емес.

«Өз-өзіңді сыйласаң, жат жаныңнан түңілер» дегендей, ана тілімізге құрмет көрсете алмауымыздан халықтың наразылығы «орыс тілі тең дәрежеде қолданылады» деген сөйлемнің мәтінінен туындауда. Ел үніне құлақ аса келе, «қажетті жағдайда қолданылуы қамтамасыз етіледі» деп өзгеруі де мүмкін. Өйткені бүгінгі жаңа заманда, қоғамда мүмкін емес дүние қалмағандай.

Өз басым, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, халқының әлеуеті мен әлеуметтік жағдайы, экономикалық ахуалы, нарық қоғамының құндылықтары, адам ресурстарының өзгерген әлемі, адамзат қажеттілігінің құндылық қасиеттері, бостандық пен еркіндік, жауапкершілік пен зиялылық, адал адам қағидаты, жаңа дәуірдің демократия ұғымына сай мәдениеттілік әдебі, сын-қатерлер, ел ішіне еніп кеткен және ел аумағынан заңсыз шығып жатқан келеңсіздіктердің бәріне Заң мен Тәртіп, Әділетті Қазақстан ұстанымы негізінде толыққанды жауап бере алатын Заң деп сеніп, қолдаймын.

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ,
облыстық «Қоғамдық кеңес мүшесі»,
«Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы

Алдыңғы мақала

Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тіл мәселесі мен халықтың саяси белсенділігі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.