Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін керек. Сондықтан ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс.
Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз. Бүгінгі референдумда мен елімнің ертеңі үшін, жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым.
Атом энергиясын экспорттаудың арқасында экономика гүлденеді, инновациялық жобалар көбейеді әрі дамиды. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, еліміздің халықаралық аренадағы позициясы нығаяды. Меніңше, халықтың мүддесіне сай АЭС жобасын қолға алып жатқан мамандарды қолдау да, қорғау да қажет. Ол – өте қиын да жауапты іс. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Демек, бұл біздің елге көп пайда алып келетін үлкен жоба болмақ. Қысқасы, біз көксулық шаруа қожалықтардың иелері өз таңдауымызды жасауға толық атсалысудамыз. Егемен еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деген ниетпен өз таңдауымды жасадым. Менде бір ғана тілек бар. Ол – ел аман, жұрт тыныш болсын.
Қалибек АЛПЫСБАЕВ,
«Кең дала» шаруа
қожалығының басшысы
Көксу адуаны
7-su.kz