Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Талдықорғанда ашу жоспарланған жұмысшы мамандарға арналған тәжірие орталығы халықаралық жобаға айналмақ

2 Тамыз, 2025
Талдықорғанда ашу жоспарланған жұмысшы мамандарға арналған тәжірие орталығы халықаралық жобаға айналмақ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша координаторы Серхан Актопрак мырзамен кездесті. Кездесуде аталған көші-қон ұйымымен өзара әріптестік байланыстар, соның ішінде  еңбек миграциясы, адами капиталды дамыту мәселелері сөз болды.

Халықаралық ұйым өкілдерін жылы шыраймен қарсы алған Бейбіт Исабаев алдымен ресми қонақтарды өңірдің жағдайымен қысқаша таныстырды. Сонымен қатар аймақтағы көші-қон мәселесі, соның ішінде еңбек миграциясын реттеу, жұмыс күші жетіспеушілігі мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Бұл ретте Еңбек мобильділігі орталығы мен оның аудандық, қалалық филиалдары болып саналатын мансап орталықтарының ерекше рөлі атап өтілді. Бұл филиалдар еңбек нарығына талдау жүргізіп, халықты жұмыспен қамтуға елеулі ықпал етіп келеді. Осы орайда облыс әкімі еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтау, жастарды қазіргі кездегі қажетті мамандықтарға оқыту ісінде қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.

— Бізде ауыл шаруашылығы, жаңартылған энергия көздері, өнеркәсіп салаларының әлеуеті зор. Сондықтан осындай салаларға білікті кадрлар қажет. Осыған байланысты керек кадрлар даярлау ісін заман талабына сай жаңғыртып, жергілікті колледждермен бірлесіп атқара бастадық. Біз Талдықорған қаласында жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізетін орталық салуды жоспарлап отырмыз, — деді Б. Исабаев. Атап өтсек, бұл бағытқа Президенттің биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны ерекше екпін беруде.

Өз кезегінде Серхан Актопрак мырза еңбек миграциясындағы маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Оның айтуынша, еңбек мигранты тек табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар инновацияларды, озық технологияларды, жақсы идеяларды да өзімен бірге ала келеді. Ол өз сөзінде өңірде жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру үшін оларды жоғары оқу орындарына дейін STEM бағытында дайындайтын Хаб ашуды ұсынды. Сол сияқты жұмысшы мамандарды тәжірибеден өткізудің маңызы зор екенін айтты.

Осы орайда Талдықорғанда ашу жоспарланып отырған орталықты облыс әкімдігі мен Халықаралық ұйым бірлесіп жүзеге асыруға ниеттестік білдірісті.   

Сөйтіп аталмыш орталық халықаралық іргелі жоба ретінде еліміздегі осы бағыттағы алғашқы пилоттық жоба болмақшы. Өзінің нәтижесін көрсеткеннен кейін бұл бастаманы басқа өңірлерге, тіпті өзге таяу шетелдерге де үлгі етіп көрсетуге болады. 

Кездесу соңында қос тарап өзара әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға,  өзара бірлескен іс-қимылды жандандыруға мүдделестік білдірді.

Алдыңғы мақала

ОКҚ құрылымындағы жаңа Орталық фейктерді жоққа шығару және манипуляцияларды талдаумен айналысады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ерекше көрме

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.