Сенбі, 17 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында «Жетісудың 7 қазынасы: Тамшыбұлақ» экологиялық акциясы өткізілді

13 Қазан, 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында «Жетісудың 7 қазынасы: Тамшыбұлақ» экологиялық акциясы өткізілді
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысында «Жетісудың 7 қазынасы: Тамшыбұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Игі бастама туған өлкенің табиғи мұрасын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және өңірдің көрікті жерлерін келер ұрпаққа аманат ету мақсатында жүзеге асырылды.

Акцияның негізгі мақсаты — Жетісу өңірінің табиғи мұрасын дәріптеу, Тамшыбұлақ бұлағының экологиялық тазалығын сақтау, жастардың экологиялық мәдениеті мен табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру болды. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау, туған өлкенің табиғи байлықтарына жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастардың экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуына ықпал ету көзделді.

Экологиялық акция аясында Жетісу облысының жастары Тамшыбұлақ бұлағының бойына алма көшеттерін отырғызды. Бұл бастама табиғи аумақты көгалдандыруға, жасыл желек көлемін арттыруға және бұлақ маңындағы қоршаған ортаны көркейтуге бағытталды. Ағаш отырғызу арқылы жастар туған жердің табиғатына қамқорлық танытып, экологиялық жауапкершіліктің нақты іспен көрініс табатынын көрсетті.

Акцияның ерекшелігі — оның нәтижесі бір күндік шарамен шектелмей, уақыт өте келе жемісін беретін игі іске айналуында. Акция барысында отырғызылған әрбір алма көшеті алдағы жылдары тамырын тереңге жайып, саялы ағашқа айналып, жеміс береді деп күтіледі. Жылдар өткен соң осы аумақта жайқалған алма ағаштарын көріп, олардың игілігін келер ұрпақ көреді. Бұл бастама бүгінгі буынның болашақ алдындағы жауапкершілігін білдіріп, табиғатқа деген жанашырлықты нақты іспен ұштастырды.

— «Жетісудің 7 қазынасы» бастамасы өңірдің табиғи мұрасын кеңінен танытуға, оның құндылығын ұғындыруға және туған өлкенің байлығын қорғауға қоғам назарын аударуға мүмкіндік берді. Ал «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылған бұл жұмыс жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттады. Бүгін отырғызылған алма көшеттері — келешек ұрпаққа қалдырылған игі мұра. Табиғатты қорғауға бағытталған осындай бастамалар туған өлкенің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңызын көрсетті, деді волонтер және қоғам белсендісі Владимир Чепель.

Алдыңғы мақала

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» в области Жетісу состоялась экологическая акция «Жетісудің 7 қазынасы: Тамшыбұлақ»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда кедендік рәсімдеу уақыты 15 минутқа қысқарды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
969
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
831
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
811
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
807
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
669
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
653
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
576

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.