Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Taza Ozen» экологиялық акциясы өтті

15 Қыркүйек, 2026
«Таза Қазақстан»: в области Жетісу проведена экологическая акция «Taza Ozen»
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Қаратал өзенінің жағалауында «Taza Ozen» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен кәдеге жарату мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

Акцияға жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсенді қатысып, Қаратал өзенінің жағалауындағы белгіленген аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар табиғи аумақтың тазалығын сақтаудың маңыздылығына назар аударып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісін көрсетті.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бүгін біз өзен жағалауын қоқыстан тазартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосып отырмыз. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты дұрыс сұрыптауды күнделікті әдетке айналдырса, табиғатымыз да таза болады деп ойлаймын, — деді «Қазақстан студенттерінің альянсы» Жетісу облысы бойынша омбудсмені А. Қызайбай.

Іс-шара барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және дұрыс кәдеге жарату жөнінде ақпарат беріліп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қажеттігі түсіндірілді.

Акцияның қорытынды бөлімінде экологиялық бағыттағы квест ұйымдастырылды. Қатысушылардан құралған командалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды сұрыптау тақырыптарындағы тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Акция барысында «Таза Жетісу – таза болашақ» қағидаты кеңінен насихатталып, жастардың, еріктілердің және қала тұрғындарының экологиялық белсенділігін арттыруға басымдық берілді.

Іс-шара нәтижесінде Қаратал өзенінің жағалауындағы аумақ қоқыстан тазартылып, қатысушыларға табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның белсенді қатысуына ықпал етеді.

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: в области Жетісу проведена экологическая акция «Taza Ozen»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сапардың екінші күні: Мемлекет басшысы Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы Спикерімен кездесті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
809
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.