Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Толайым табыс – тамшыдан

28 Шілде, 2025
Толайым табыс – тамшыдан
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Панфилов ауданындағы егін негізінен суармалы алқаптарда өсіріліп, өнім алынатындықтан суландыру жүйесінің рөлі ерекше. Бұл өңірдегі негізгі өндіріс көзі – жүгері дақылының тұқымы да алдымен суарылған жерге ғана себіледі. Одан кейінгі өніп, өсу кезеңдерінде де өңірдегі күннің ыстықтығы, топырақтың құрғақ, сортаң болып келетіндігінен өсімдік суды көп қажет етеді. Орта есеппен жүгері жетілгенше 5-7 мәрте, тіпті кейбір құмдауыт, тастақ жерлерде 10 ретке дейін суарылып тұруы шарт. Өңірде өсірілетін басқа дақылдардың да суға деген сұранысы жоғары.

Соңғы жылдары құрғақшылықтан, су тапшылығынан, аудан шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарының көбеюінен су бөлуде күрделі мәселелер туындап, егіншілер қажетті мөлшерде суару жұмысын атқара алмай жүрген. Бұл мәселені аудандағы су шаруашылығы қызметкерлері қожалықтарға берілген су мен уақытты тиімді пайдалануды реттеу арқылы жолға қойды. Алайда жыл өткен сайын бұрынғы су жолдары тозып жарамсыздана бастағандықтан айтарлықтай тауқыметтер туындап отыр. Бұған биылғы жаз маусымындағы құрғақшылық салдарынан өзендердегі су деңгейінің төмендеп кетуі де кері әсерін тигізуде.

«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облыстық филиалына қарасты Панфилов өндірістік учаскесі егін егетін қожалықтармен түгел келісімшарт жасасқан. Өңірде жалпы 37940 гектар суармалы егістік бар болса, соның 23 мың гектардан астамына жүгері дақылы өсіріледі. Шілде айының ортасына дейін «дала аруының» алғашқы суару жұмыстары толық аяқталып, 20125 гектарға жуығы екінші, 3 мың гектарға жуығы үшінші суын ішіп үлгерді.

Бір сөзбен айтқанда, егістікті уақыт оздырмай суарып алу мен судың әр тамшысын тиімді пайдалану бағытында өңірдегі қожалықтар мен су мамандарының арасында мызғымас тәртіп орнатылған. Тіпті бұрын бақылаудан тыс қала беретін аяқсуды да айдалаға ағызбай қайта арналап, пайдаға жарату шаралары да қарастырылыпты. Осындай ықтиятты қарекеттер егістіктердегі су тапшылығын барынша азайтумен қатар әр литр есепке алынып, оны пайдаланған егіншілерден су ақысы толығымен алынғандықтан жаркенттік мұраптар толайым табыс түсіріп жүр. Табыстың кілті – әр литрді су өлшейтін арнайы құралмен есептеуімен және мамандардың сауатты іс атқаруымен байланысты.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде майлы дақылдар мен көкөніс, бақша және көпжылдық шөп алқаптары екі мәрте толық суарылды. Аудандағы жеміс бақтары екі мәрте суарылып, 2 мың гектары үшінші суын ішті.

Алдыңғы мақала

Алакөл жағасында мүгедек жандардың цифрлық сауаттылығын арттыру жүзеге асуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Медициналық көмектің қолжетімділігі артады: МӘМС туралы заңдағы өзгерістер кімге әсер етеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.