Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Вакцинацияның маңыздылығы  

19 Тамыз, 2025
Вакцинацияның маңыздылығы  
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Халық арасында екпе деп аталатын вакцинация – әлсіреген немесе өлтірілген микроорганизмдер негізінде жасалған затты адам ағзасына енгізу. Денеге енгізген кезде вакцина табиғи иммунитеттің жұмысын күшейтуге және белгілі бір ауруға немесе вирусқа қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы медицинада вакцинациядан басқа инфекциялық аурулардың алдын алудың тиімді құралы жоқ. Ұлттық күнтізбеге сәйкес Қазақстан Республикасында вакцинация 21 инфекциялық ауруға қарсы ақысыз түрде жүргізіледі.
Неліктен вакцинация қажет?
Аурулардың алдын алу үшін — вакцинация ауыр асқынуларға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін көптеген инфекциялық аурулардан қорғайды.
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін — адамдардың көпшілігі вакцинацияланған кезде, аурудың таралуы қиынға соғады, тіпті медициналық қарсы көрсетілімдермен егілмейтіндерді де қорғайды.
Ауруларды бақылау және жою үшін — вакцинация шешек сияқты ауруларды толығымен жоюға және ауруларды айтарлықтай азайтуға көмектесті.
Вакцинацияның көпшілігі балалық шақта жасалады — бұл қауіпті ауруға қарсы иммунитеттің болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, баланың ағзасы вакцинацияны жеңіл қабылдайды, қажетті антиденелер тез қалыптасады.
Ересек адамға вакцинация қажет пе? Балалық шақта енгізілген вакциналардың әсерінен пайда болған антиденелерден ересек адам көптеген аурулардан қорғалады. Алайда, уақыт өте келе антиденелер айтарлықтай төмендеуі мүмкін екенін білетіндер аз. Мәселен, сіреспе мен дифтерияға қарсы ревакцинацияны әр 10 жыл сайын жүргізу қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын инфекциялық аурулар планетадағы өлім-жітімнің 25% құрайды. Вакцинациялаудың нәтижесінде біз бұрын өлім қаупін тудырған, тұтас мемлекеттер мен континенттерді жойған ауруларды (шешек, оба, тырысқақ) ұмыта бастадық. Әлемде шешектің түпкілікті жойылғанын ДДҰ 1980 жылы жариялады. Қазіргі уақытта екпенің арқасында көптеген елдерде полиомиелиттің таралуы тоқтатылды.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, вакцинация жыл сайын 2,5 миллион баланы құтқарады, бұл сағатына шамамен 285 бала. Вакцинация — бұл адамдар инфекциялардың қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.
Облыс бойынша есепті кезеңде 36 778 тұрғынға жоспарлы түрде екпе жасалды. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ облыста жылдан жылға екпеден бас тарту жағдайлары жоғарылауда. Ал оның салдары вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуына алып келді. Соның ішінде екпеден бас тарту, себепсіз егілмеу салдарынан, тұрғындар арасында ұжымдық иммунитеттің төмендеуінен 2023 жылдан бастап қызылша, көкжөтелден бұрқ ету жағдайлары орын алуда. Жетісу облысында 2023 жылы қызылшаның 576, 2024 жылы 727, көкжөтелдің 177 жағдайы тіркелді. Оның ішінде қызылшамен ауырғандардың 80%, көкжөтелдің 92% вакцинацияланбаған балалар мен иммундық мәртебесі белгісіз адамдар құрады.
Вакциналар бізді өмір бойы және кез келген жаста – туылғаннан кейін, балалық шақта, жасөспірім шақта және қартайғанға дейін қорғайды. Жасына сәйкес вакциналардың уақытылы жасалуы маңызды. Вакцинацияны кейінге қалдыру арқылы біз ауыр ауруға шалдығу қаупіне ұшыраймыз. Егер біз вакцинация шұғыл түрде қажет болатын сәтті күтетін болсақ, мысалы, егер аурудың өршуі басталса, онда вакцинацияның қажетті әсерін немесе вакцинаның барлық қажетті дозаларын алу үшін кеш болуы мүмкін. Вакцинациядан бас тарту арқылы біз өзімізді және балаларымызды денсаулық құқығынан айырамыз. Есіңізде болсын, вакцина жеке адамды ғана емес, айналасындағыларды да қорғайды. Егер халықтың 95% егілсе, ұжымдық иммунитет жұмыс істейді. Осылайша, ұлттың денсаулығы әр адамның таңдауына байланысты.

Индира Кунбасова,

Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.

Алдыңғы мақала

Конституция — это компас развития страны

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемдері мен жеңілдіктер туралы не білу керек?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.