Заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру, қоғамда заңдылық, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу мақсатында Панфилов аудандық көпсалалы ауруханасында тиісті іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын сақтау туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, адалдық, жауапкершілік және парасаттылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу барысында медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды. Шара ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру – әділетті әрі ашық қоғам құрудың маңызды негізі екені ерекше атап өтілді.










