Сейсенбі, 9 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

«Заң мен тәртіп. Таза Қазақстан»

11 Қыркүйек, 2025
«Заң мен тәртіп. Таза Қазақстан»
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жуырда Жаркент қаласының орталығындағы «Өркен» саябағында  Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Құдайбергенұлы Бәйкенов қала әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, шаһар жұртшылығымен, қаладағы учаскелік полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдерімен «Заң мен тәртіп. Таза Қазақстан» тақырыбында профилактикалық маңызы зор құқықтық кездесу іс-шарасын өткізді.

Жасұлан Құдайбергенұлы: «Бүгін біз сіздермен бірге қоғамдық қауіпсіздік, өзара ынтымақтастық және әр азаматтың жауапкершілігі туралы сөйлесу үшін жиналып отырмыз. Қазақстан полициясының басты міндеті-азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз әрқашан халыққа жақын болуға, ашық жұмыс істеуге тырысамыз. Өйткені сіздердің қолдауларыңызсыз қауіпсіздікті сақтау мүмкін емес», – дей келе облыс және аудандағы құқықтық ахуалға қысқаша тоқталып өтті.

Айтуынша, Жетісу облысы және Жаркент қаласы бойынша 2024 жылмен салыстырғанда: барлық санаттағы қылмыс саны 10,7%-ға төмендеген. Оның ішінде ауыр қылмыс 8,4%, ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстар 20%, бөтеннің мүлкін ұрлау 36,6% және қоғамдық орындарда жасалған бұзақылық саны 26,7%-ға төмендеген. Соңғы айларда тұрмыстық жанжалдарды, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатындағы профилактикалық шаралар атқарылып жатқаны айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу, күресті күшейту мақсатында Панфилов ауданында жыл соңына дейін барлығы 23 бекет 90-нан астам бейне бақылау және көліктердің жылдамдығын өлшейтін камералар орнатылуы өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға өз септігін тигізетіні туралы баяндады.

Сонымен бірге Үсек өзені жағалауында, саябақтарда, демалыс орындарында және адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, санитарлық және экологиялық тазалықты сақтау шаралары қала әкімшілігі мен белсенді азаматтардың тарапынан қоғамды жұмылдырумен жүзеге асып жатқанына департамент басшылығы атынан өз ризашылығын білдірді. «Заң мен тәртіп», «Халыққа жақын полиция», «Таза Қазақстан» қағидаттарын басты ұстаным еткен полиция қызметінің қолжетімді, ашық әрі адал болуы және құқықбұзушылық пен қылмысқа жол бермеуді өздерінің кәсіби һәм абыройлы міндеттері екенін көпшілікке жеткізді.

Ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастарға өнеге көрсету жолында белсенді жұмыс атқарып, медиатор ретінде қоғамдағы дау-жанжалдардың алдын алып, тараптарды келісімге келтіруде үлкен рөл атқарғаны, қоғамдық тәртіп мәселесіне назар аударып қала азаматтарына үлгі болғаны және қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына тұрақты түрде көмек көрсеткені үшін Жаркент қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, медиатор Р.Тұрлыбаевқа, қалалық қоғамдық Кеңесінің мүшесі, жігітбасы А.Ташметовке, славян мәдени орталығы төрайымының орынбасары Л.Першинаға Жетісу облысы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры С.Құсайыновтың «Алғыс хаттарын» департамент өкілі Жасұлан Құдайбергенұлы салтанатты жағдайда табыстап, оларға ізгі лебізін білдірді.

Сондай-ақ ол «Таза Қазақстанның» әрқайсысымыздың жүрегімізден басталатын ізгілікті іс, таза қала, таза табиғат – ол тек қоршаған ортаның ғана сұлулығы емес, біздің ішкі мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің көрінісі екенін, тазалық – денсаулықтың, тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі екенін атап көрсетті. Әрбір азамат өз ауласын таза ұстаса, құқық бұзушылыққа жол бермесе бүкіл ел жаңаратыны, қолайлы орта қалаптасатыны һәм Жаңа Әділетті Қазақстан құрылатыны аян.

Қатысушылар тарапынан, қалада жол-көлік оқиғаларынан адам өлімі мен мүгедектікке ұшырау оқиғалары жиілеп кеткені мен инфрақұрылымдарды ауыр жүк көліктерінің бұзуы қалыпты жағдайға айналғаны, санитарлық тазалықты сақтау, қауіп жоғары жолдарда жол белгілерін орнату, аталған құқық бұзушылықтар бойынша полиция жұмысын жандандыру мәселелері өте орынды көтерілгенін, олар бойынша  ІІД тарапынан кешенді шаралар қарастырылатыны, ұсыныстардың назарға алынып, қолдау табатыны департамент өкілі тарапынан айтылды. Аталған профилактикалық шаралар құзырлы органдар тарапынан белсенді түрде жүзеге асатын болса Жаркент қаласында «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Халыққа жақын полиция» қағидаттары бойынша жұмыстар оң нәтиже береді деп сенеміз.

Алдыңғы мақала

Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жат ағым жарылқамайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.