Жер жаннаты Жетісудың шұрайлы мекені Жаркент өңіріндегі Жаскент ауылдық округіне қарасты №314 дауыс беру учаскесіндк 18 жасқа толып, алғашқы рет дауыс берген Аутова Карина Абдыкадырқызы өз таңдауын жасады.
«Сайлау құқығымды пайдаланып өз дауысымды бердім. Ел ертеңін ойласақ әр азамат бүгін белсенді болуға тиіс деп ойлаймын. Теңіздің тамшыдан құралатынын ескерсек, әр азаматтың өз таңдауын жасауы ертеңгі болашағымыздың бағдарын айқындайды», – дейді Карина Абдыкадырқызы.