Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жаркентте таунхаус үлгісіндегі жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

17 Маусым, 2026
Жаркентте таунхаус үлгісіндегі жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жаркент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асып, таунхаус үлгісіндегі жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл бастама тұрғын үй нарығына тың серпін беріп қана қоймай, аудан тұрғындарының баспана мәселесін шешуге қосымша мүмкіндік ұсынып отыр.

Жаңа кешеннің басты ерекшелігі – тұрғын үйлердің жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынуы және оларды тұрғындардың өз мүмкіндігіне қарай сатып ала алуында. Атап айтқанда, баспаналарды екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекалық несиеге рәсімдеуге, бөліп төлеу арқылы алуға немесе дайын қаражатқа сатып алуға болады.

Таунхаус үлгісіндегі тұрғын үйлер екі қабаттан тұрады. 2, 3 және 4 бөлмелі баспаналар көпбалалы отбасылардың қажеттіліктерін ескере отырып жобаланған. Әрбір үйге арнайы автотұрақ қарастырылған, жеке қойма бөлмесі бар. Сонымен қатар, әр баспананың мемлекеттік тіркеуден өтетін жеке меншік құқығы қарастырылған. Болашақ қоныстанушылар үйдің ішкі әрлеуі мен дизайнын өз талғамына сәйкес таңдай алады.

Жоба аясында салынған алғашқы алты баспананың иелеріне салтанатты түрде үй кілттері табысталды. Қоныс тойын тойлаған отбасылар жаңа үйлердің жайлылығы мен қолайлылығын ерекше атап өтті.

Мамандардың айтуынша, мұндай тұрғын үй кешендері аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан алдағы уақытта халықтың қажеттілігіне қарай осы үлгідегі үйлердің санын көбейту жоспарланып отыр. Жаңа баспаналар нарықтағы баға деңгейіне сәйкес сатылымға шығарылып, тұрғындарға қолжетімді шарттармен ұсынылады.

Бүгінде ауданда баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жеке кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй жобаларының маңызы зор. Мемлекеттік қолдау тетіктеріне ұқсас шарттармен ұсынылатын мұндай жобалар тұрғындардың баспаналы болуына қосымша мүмкіндік беріп, өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге оң ықпал етуде.

Таунхаус үлгісіндегі тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі – ауданның тұрғын үй қорын ұлғайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Алдыңғы мақала

Развитие туризма на Балхаше: в селе Лепсы строят новый железнодорожный вокзал, реконструирован полицейский пункт и ремонтируется больница

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Mass Alert жүйесін тексеру

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.